Пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні” мерекесі қарсаңында Жалағаш аудандық пробация қызметі, аудандық прокуратура және аудандық жұмыспен қамту бөлімі бірлесіп пробация есебіндегі пробация есебінде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға азық- түлікпен көмек көрсетті.
«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деген нақыл сөз бар. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Қайырымдылық жасау үшін бай болудың қажеті жоқ, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті»-, дейді аудандық пробация қызметінің инспекторы Бақытжан Еркебаев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]