Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  2021 жылдың 10 айының қорытындысын шығарды

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2021 жылдың 10 айының қорытындысын шығарды

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов «Аntikor ortalyǵy» алаңында 2021 жылғы 10 айдағы жұмыс қорытындылары туралы онлайн-брифинг өткізіп, өңірде іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Спикер айтуынша, жыл басынан бері облыстың 9 мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 50 ұсыным әзірленді. 5 НҚА-ға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг өткізілді.

«Айта кету керек, тәуекелдерді сыртқы талдау мемлекеттік реттеудің әртүрлі салаларында, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларда және халық тарапынан келіп түсетін шағымдар көп болатын салаларда жүргізіледі. Мысалы, қазір Көліктік бақылау инспекциясының қызметіне талдау жүргізілуде. Бұл ретте, талдау қорытындылары бойынша ұйымдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленіп қана қоймай, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жасау үшін алғышарттар болып табылатын нормативтік - құқықтық құжаттардағы олқылықтар да анықталады», - деп атап өтті Арман Рахимов.

Департамент басшысының мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар мониторингі аясында Сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы жыл басынан бері 1 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Мысал ретінде, спикер бастапқыда 52,6 млн теңге сомасына            (1 метрдің бағасы - 68 848 теңге, ал нарықтық құны - 29,663 теңге) электр дәнекерлеу құбырын сатып алу жоспарланған Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-да 30 млн теңге сомасына бюджет қаражатын үнемдеуді атады.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарына есеп беретін 184 квазимемлекеттік сектордың ұйымында комплаенс мамандары жұмыс істейді, олардың міндеті - корпоративтік адалдық стандарттарын сақтау және өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шеңберінде облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 681, 676, 665-баптары бойынша 5 материал жасады,  олар бойынша 740 мың теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды және өндірілді.

Жыл басынан бері «Antikor.Live» жобасы аясында Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзекті тақырыптар бойынша 250 тікелей эфир өткізілді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Adal kómek» жобасы шеңберінде адвокаттардың, нотариустардың, заң саласы өкілдерінің 1000-ға жуық онлайн-консультациясы өткізілді.

Үйлестірілген тәсіл мақсатында алдын алу іс-шаралары Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

«Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру бойынша тиісті жұмыс жүргізуде, алайда азаматтардың белсенді қатысуынсыз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қиын, сондықтан әрқайсысын шетте қалмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырамын», - деді Арман Рахимов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.