Қызылордада пробация есебінде азаматтар арасында мемлекеттің көмегімен кәсіп ашқандар көбейіп келеді
Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық пробация есебінде 70-тен астам сотталған есепте тұрады. Осы азаматтардың ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандық пробация есебіндегі 6 сотталған жеке кәсібін ашқан. Қайтарымсыз несиенің арқасында бірі дәнекерлеу цехын ашса, ,екіншісі мал шаруашылығымен айналысып, мал басын көбейтуде.
Бүгін есептегі тағы екі азамат мемлекеттік Еңбек бағдарламасы арқылы өтемсіз грантқа қол жеткізді.
«Мәселен, мен мардымсыз айлыққа күнім қараған қарапайым жұмысшы едім. Бүгінде аудандық пробация қызметкерлерінің көмегімен мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Мал шаруашылығымен, бизнеспен айналысам деген адам қорықпай екі білегін сыбанып, екі қолға бір таяқты ұстап, малдың артынан қалмай, оны күтіп-бағып жасайтын болса, рахатын көретіні анық. Мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз қаражатқа мал шаруашылығымен айналыссам деп отырмын»,- дейді есептегі азамат.
Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізуде.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]