СҚО-да ауыл тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісінде интернет-алаяқтықтың жолын кесті
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тұрғыны қаскөйлердің «Одноклассники» әлеуметтік желісінде оның негізгі парақшасын бұғаттап, атына жалған парақша ашқандарын айтып жергілікті полицияға жүгінген. Ол туралы жолдастарынан білген. Желілік аферист әйелдің атынан ойын ойнауды ұсынған, ойын шарты бойынша жеке мәліметтерді ұсыну қажет екен. Қаскөй сілтеме арқылы өтіп, ақшалай сыйлық ұтып алуға болатынын айтып сендірген. Ол ойынның қызықты екенін және қатысушылардың олжаны тек ұтыс сомасының 50% салғаннан кейін ғана алуға болатынын айтқан.
Мән-жайды анықтаған әйел, полицияға арыз жазған. Абырой болғанда, ауылдықтың дер кезінде дабыл қағуынан қаскөй «жолдастарының» жеке мәліметтерін қолына түсіре алмады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 25-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі кезде қаскөйді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда алаяқтық – бұл интернетте кең таралған қылмыстың бір түрі, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Адамдардың көбі ерекше қызығушылықпен әлеуметтік желілерді қолданады, қаскөйлердің пайдалануы мүмкін деген ойға келместен, өздерінің фотосуреттері мен жеке ақпараттарын жариялайды. Барлық қолданушыларды интернетте ақша немесе өзге де деректерді жібермес бұрын – алатын адамды қайта тексеріп, қауіпсіздікке көз жеткізуге шақырамыз. Сонымен қатар, қандай да бір жағдай болмасын, әсіресе ақшамен байланысты интернетте операция жасау кезінде асықпаған жөн. Егде жастағы туыстарыңызды, көршілеріңіз бен барлық таныстарыңызды бұл жайында ескертуіңізді сұраймыз».
Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер барлығы 126 интернет алаяқтықты ашты. Оның 51-і әлеуметтік желілерде.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]