Қақпа алдында кездесу шарасы өтті
Жуырда Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінен А.есімді сотталғанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында сотталған азаматты шығарып салу шарасы өтті.
«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Босатылушы соттталған А-ға босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.
Арманды қақпа алдынан ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген анасы мен бауырлары асыға күтіп алды. Мекеме қызметкерлері ана мен бала, бауырлар арасындағы махаббатпен сағынышқа толы сезімге куә болып, бостандыққа шыққан азаматқа сәттілік тілеп,отбасымен қауыштырды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]