2021 жылдың басынан бері Жамбыл облысында балалардың терезелер мен балкондардан құлауының 8 дерегі тіркелді
Жамбыл облысында ата-аналардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауына қатысты 2-ден 12 жасқа дейінгі балалардың абайсызда құлауға байланысты жазатайым оқиғалар орын алған.
Бұл ретте 15 жастағы жасөспірімнің 5 қабаттың балконынан құлауының 1 дерегі және кәмелетке толмаған жасөспірімнің 5 қабатты үйдің шатырынан құлаудың 1 дерегі тіркелген.
Екі дерек те қауіпсіздік техникасына немқұрайлы қарауынан, абайсыз қозғалыстың және биікке шығу қаупінің алдын алу ережелерін сақтамауынан, сондай-ақ ересектердің кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын тиімді өткізуге назар аудармауынан орын алған.
"Ешқашан терезелердегі москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған. Мүмкіндігінше терезелерге металл торларды және терезе тұтқаларына блокаторларды орнатыңыз. Пәтерлер мен үйлерді желдету үшін нәрестенің жетуі қиын болатын терезе көздерін ашыңыз және терезенің алдына әр түрлі жиһазды қалдырмаңыз. Кәмелетке толмағандарға ұзақ уақыт қараусыз балконда уақыт өткізуге және ойнауға, оның ішінде фото жасауға және бейнероликтер түсіруге жол бермеңіз", - деп шақырды тәртіп сақшылары.
[xfvalue_img]