БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК

Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспе бөлігінде, - Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз, - деп белгіленген.

Ата заңымыздың ең бірінші бөлігінде, - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу, - деп айқындалған.

Тарихқа қарайтын болсақ, еліміздің ішінде халқына деген шынайы асыл ниеттерімен болашағына үмітін арттқан көптеген тұлғалар өткен. Ғасыр жасаған жыр алыбы Жамбыл ақынның «Еңсесі биік ел – алып, Ел бастаған ер – алып», - деп айтқан өлең жолдарыда осы бір қасиетті ұғымды меңзеп тұрғандай.

Дегенмен, қоғам, халық болған соң, оның негізгі тірегі адам баласының қарым-қатынасы арасында, дау-дамайларда орын алары анық. Сонау ерте заманнан, Қазақ ел болғалы аталы сөзге тоқтап, халық сайлаған билерді қастерлеп, билік шешімдеріне келіскен жұрт. Атамыз Қазақтың – «Заң алдында ханда бір, қарада бір» деген қанатты сөздері қазыргі таңдада өзінің өзектілігіне ие.

Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің егемендігі жарияланып, жаңа өмірге қадам басқан шақта, отандық кадрлар қажеттілігін тудырған болатын. Қазіргі уақыттада бұл мәселе өзектілігін жоғалтқан емес.

Егемен еліміз құқықтық мемлекет құрып, өркениет әлеміне бет алып, әрбір қазақстандық азаматтар болашаққа деген сенімге бөленіп, бет – бейнесі мен бағыт – бағдарын айқындаған еліміздің - бүкіл әділет, құқық қорғау, құқықтық сала жүйесінің қайнаған ортасында бола білетін – сот саласы қызметшілері. Барлық құқық қорғау органдарының жұмыстарымен тікелей байланыста болып, тұспа-тұс қызметтері жүргізіледі. Даудың түйінін шешу мәселесінде сот саласы қызметшілері тарапынан атқарылатын іс-шаралар сот төрелігі жүйесін тәуелсіздендіру жұмыстары нақты қадамдармен, заңға сәйкес атқарылды. Басты бағытты мақсат – туындаған қандай да бір дауларды тек заманауи, заңға сәйкес шешімін айту – бұл қоғамның ары қарай зиялы түрде дамуы.

Дана халқымыздың «Елге бай құт емес – Би құт» деген мақалы астарында қоғамның әділеттілік жүйесінің өркениетке дамуы бағытын нақтылап топшылағандығы жәй айтылған нақылдар емес болу керек. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді», - деген халық даналығының мағынасы қазіргі заманауи қоғамның белгілі тұлғаларына да қатысы бар деп тұжырымға келеміз. Мемлекеттік билік – өмірдің қарапайым фәлсафасынан қайнар алған мәртебелік қызмет. Екі тараптың дауы ушықса, оған үшінші тарап билік жасайды, яғни қазыргі заманауи заңды құрылған билік өкілеттіктері, ресми мемлекеттік органдар мен құрылымдар. Ал, осы ресми құрылымдардың қызметтерін қоғамдық қарым-қатынаста ретке салып келтіретіні, теориялық және практикалық ұштасумен жүзеге асатыны белгілі. Осы аталған бағыттарда сот саласы қызметшілері бір кісідей еңбегін сіңіріп келеді.  

«Көргені жақсы – көш бастайды» - деген қанатты сөз бар. Ел ынтымағы, халқымыздың ауызбіршілігі туралы көп айтуға болады. Соның нақты бір жарқын мысалы осы кішкене мақаланың өнбойында өрілсе деймін.

Қазақтың нақыл сөзі, - «Адамның мінген аты мен айтқан сөзіне қарама, жасаған ісіне қара», - деген. Өсіп – өнген ел болу мақсатында, халық біртұтас мақсатта даму бағытты қолданса, туып-өскен жеріне, туған ел-жұртына ынтымағы жарасқан, тәрбиелік, өнегелік іс-әрекетті ғұмырмен, жақсы ниеттермен білім және адал еңбекпен өсу қоғамын құруға тырысу керектігі бірінші кезекте.

Иә, мұндай жақсы ниеттер баршылық. Бұл сөздер – нық мемлекет және дамушы қоғам құруда алдымен азаматтар арасында – бірлік деген береке негізі екендігі анық айтылған.

Бұл мәліметтер жалпы мемлекеттік басқару саласындағы басшы, мамандар үшін тәжірибелік және тәрбиелік мәні бар деп санаймыз.

Алматы гарнизоны Әскери сотының судьясы

Қанат Зарықұлы Естай

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив