«Мемлекеттік тіл – қызмет тілі»

«Мемлекеттік тіл – қызмет тілі»

Тіл – ұлттың ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі. Кез келген халықтың болмыс-тіршілігі, өркениеттілігі, мәдениеті сол тілдің қолданыс ауқымдылығымен өлшенеді.

Еліміз Тәуелсіз мемлекет атанғалы бері, ана тіліміздің қолданыс өрісі кеңейіп, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Мемлекеттік тіл – еліміздің азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болары хақ. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болғаны абзал.

Тілін білмеген ‑ тегін білмейді», ‑ деген атам қазақ. Бүгінгідей ел болып еңсе көтерген тұста ана тіліміздің қадірі мен қасиетін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру маңызды мәселе болып тұр.

Мемлекеттік тіл- қазақ тілі арқылы іске асады. Ал қазақ тілі – қазақ ұлтының уақыт ағымынан алынған адамдардың өмірлік тәжірибесін, оның наным-сенімін, өмір салтын, шығармашылық қуатын көрсететін аса бай тіл.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында ел азаматтарын қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырды. Яғни, президент: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»-деді.Ұлттың рухани жаңғыруында тілдік сананың жаңғыруы айырықша десек, қазақтың тілі мен ұлттық рухы, рухани жаңғырудың негізгі өзегіне айналған, әлемдік өркениетте өз орны бар мәңгілік елдің жарқын болашағы үшін жұмыла еңбек ету ел алдындағы басты парызымыз.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан!

Мұғалжар аудандық сотының

жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив