Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы соттары төрағаларының кездесуі өтті

Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы соттары төрағаларының кездесуі өтті

Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы Соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Дхананджайя Чандрачуд Алматыда өткен кездесу барысында өзара іс-қимылдың алдағы уақыттағы аспектілерін талқылады.

Кездесуге ҚР Сот әкімшілігінің басшысы, Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының Орталық Азия және Үндістан өңірі бойынша вице-президенті Наиль Ахметзакиров және Алматы қалалық сотының төрағасы, ТМД Экономикалық сотының судьясы Асқар Смайылов қатысты.

Қонаққа сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қараудың жаңа ережелерін белгілеген әкімшілік әділеттің тиімділігі, апелляцияның рөлін күшейту, соттың тәуелсіздігін нығайту туралы сөз болды.

А.Мерғалиев ауданаралық соттарды құру, отбасылық соттар мен алқабилер сотының соттылығы аясын кеңейту мақсаты және цифрландырудың қарқынды дамуы сот төрелігіне қолжетімділікті қалай жеңілдеткені туралы толығырақ айтып берді.

Өз кезегінде, Чандрачуд мырза сот менеджментінің

қазақстандық тәжірибенің ерекшеліктеріне, соның ішінде ШЫҰ-ға мүше елдердің жоғарғы соттары төрағаларының алдағы уақытта Ташкентте өтетін кеңесінде осы мәселелердің талқыланатынына қызығушылық танытты.

Ал Алматы қалалық сотында болып, ондағы ІТ-қызметтердің жұмысымен танысқан Үндістан Жоғарғы Сотының Төрағасы заманауи технологияларды енгізудің мұндай жоғары деңгейін күтпегенін атап өтіп, сот корпусына заң үстемдігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді тіледі.

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігі туралы өзара пікір білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Kristina 27 августа 2024 09:57

    112 ук рф примирение сторон, приговор по
    п г ч 2 ст 112 ук рф приснилось что за мной гонятся во сне говорил мессинг о знаках зодиака молитва оберег на удачу в работе
    можно ли носить крестик
    и амулет на разных цепочках к
    чему сниться как я трачу деньги

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив