Мемлекеттік тіл- қызмет тілі

Мемлекеттік тіл- қызмет тілі

«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды»

                                                                                                               М.Әуезов

 

Қазіргі таңдағы талапқа сәйкес барлық мемлекеттік органдар аппараттары мен құрылымдық бөлімшелері құжат айналымы мемлекеттік тілде қолданылады.

Конституциямыздың 7-бабының 1-тармағында көрініс тапқандай, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі” деп көрсетілсе, ал ҚР “Тіл туралы” заңының 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі” деп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі” делінген, яғни бұл құқықтық норма. Демек, Қазақстан Республикасының кейбір азаматы қазақ тілді еркін меңгеру керек деген талап туындайды. Әсіресе мемлекеттік қызметшілерге қатаң міндет жүктеледі. Өйткені ол басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу тілі.

Сонымен қатар, осы заңның 13-бабында “ҚР сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады” - деп, атап көрсетілген. Енді осы жоғарыдағы мәтінге зер салып қарайтын болсақ, орыс тілі және өзге де тілдерге мемлекеттік тілмен тең қолдану құқығы берілген. 

Алайда, мемлекеттік тілде хат алмасудың сандық көрсеткіші төмен болып отыр. Сондықтан, Тасқала аудандық сотының ұжымымен мемлекеттік тілді еркін меңгеру, білу, сапасын көтеру, қолдану-қажеттілік екенін насихаттаудың маңызы зор. Күнделікті сот жүйесінде атқарып жатқан жұмыс барысында тіл қағидаларын, сонымен бірге қазақ тіліндегі заңнамаларына, талдауларға, құжат айналымына ерекше көніл бөлінеді. Сот ұжымында мемлекеттік тілді  қолдану және дамытуға арналған жоспар құрылып, барлық өткізілетін іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, семинарлық сабақтар, кездесулер мемлекеттік тілінде атқарылып отыр. 2024 жылдың 4 айында құжат айналымы, атап айтқанда кіріс, шығыс  және ішкі құжаттар мемлекеттік үлесі 100 пайызды құрады.

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Сондықтан, біздің міндетіміз-қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қаолданылу аясын кеңейту мен тілгедеген  құрметті арттыру. Мемлекеттік тілімізді көзімізден қарашығындай сақтауға ат салысайық.

М.С.Темірғалиева 

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала аудандық соты  әкімшісінің  басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив