Мемлекеттік тілде қызметтік құжаттарды дайындау

Мемлекеттік тілде қызметтік құжаттарды дайындау

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарының мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сапасы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі тарапынан 100% мемлекеттік тілде  іс қағаздарын жүргізу талап етілуде.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери соты Департаментіне қарасты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Семей, Шымкент гарнизондарының әскери  сот әкімшісінің, Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісінің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізулері төмендегі көрсеткіштерге ие. Аталған сот кеңселерінде шығыс пен ішкі құжаттар мемлекеттік тілде ресімделеді. Қазіргі кезде жалпы ішкі құжат айналымы 96,8%, шығыс хат-хабар алмасу 99,15%, кіріс құжаттары 72% құрайды.

Мемлекеттік тілде әзірленген  іс қағаздары Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келулері тиіс және Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының бұзушылықтарына жол берілмеу қажет.

 Іс қағаздарын жүргізуде туындаған мәселелерді шешуде қолданыстағы заңдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қатысты қабылданған ресми құжаттар басшылыққа  алынады.

Кеңсе тілі – іс қағаздарына арналған жеке сөздер мен сөз тіркестерінен құралатын ресми іс қағаздар стилінің түрі. Кеңсе тілінде жазылатын құжаттар: ілеспе хат, хаттама, жоспар, өкім, бұйрық, сенім хат, кесте, анықтама, ақпарат, қызметтік жазба, келісімшартмінездеме, арыз, өтініш және т.б. Олардың басталуы біртектес болып келеді. Кеңсе тілінде жазылатын құжаттардың өзіндік қалыптасқан стилі, ерекшелігі бар, сондықтан оған көркем әдебиет стилі сияқты бейнелі сөздерді қолдануға болмайды. Түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жазу кезінде, көбінесе, ойдың логикалық дәлелділігі, айқындылығы мен ықшамдығы ескеріледі. Тиісті мекеменің, ұйымның мамандығына байланысты кейде кәсіби сөздердің енгізілуі мүмкін. Сот әкімшілерінің кеңсе тілінде жазылатын іс қағаздарының үлгілері бар. Олардың дұрыс жазылуы жүйелілігі мен қызметке тиімділігі тұрғысынан бағаланады.

Әскери сот әкімшілерінде мемлекеттік тілге қатысты ағымдағы мәселелер, оның ішінде қызметтік іс құжаттарын сапалы дайындау мәселесі тұрақты түрде жедел кеңестерде, семинар сабақтарында талқыланады, сот қызметкерлеріне тіл тазалығын сақтау керектігі де айтылады. 

Э.М.Бимағанбетова 

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Әскери соты Департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Isis Вчера, 07:47

    саяхат петропавловск, саяхат петропавловск инстаграм материнская плата купить, lga 1700
    материнская плата купить демеулік шылаулары бар 6 мысал, нақтылық демеуліктер мысалдар таныстыру алтын күз 8 сынып,
    қыз бен жігіт таныстыру

    Here is my blog :: өткізгіш ұлпа қызметі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив