"Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру"

Қазақстан Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын.

Мемлекеттік және өзін-өзі басқару орындарындағы тілге қатысты психологиялық ахуал күрт жақсарып кетпегенімен, азда болса оң өзгерістер бар екені анық.Қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен оның мәртебесін биіктетіп, қолданыс аясын кеңейту, отандастарымыздың мемлекеттік тілге деген ықыласын оятып, намысын қайрау бағытында көп айтылып та, жазылыпта келеді.

Ең басты себеп, қазақ ұлты өкілдерінің ана тіліне деген немқұрайлылығы- ұлттық намыстың жоқтығынан. Ұлтын сүйетін әрбір адам, мейлі ол мемлекеттік тіл болмағанның өзінде, өз ана тілін көкке көтеріп, ерекше қадірлеп, сол тілде сөйлеуді тіпті ойлауды парыз санамақ.

Өз ұлтының қадір қасиетін ана тілі арқылы ұлықтап, ата-бабасының асыл аманатындай ардақтамақ. Ал, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі болып саналатын ана тілімізде сөйлемей, өзге тілге басымдық беруіміз – елдігімізге сын, аманатқа қиянат болып табылатыны сөзсіз. Отан отбасынан басталады дегендей, отбасындағы тәлім тәрбиге де көп мән берген жөн деп есептеймін, өйткені, тілге деген құрметте отбасынан басталады, балалардың бойына қазақи қарым-қатынас мәдениетін сіңіріп, әрбір отбасы қазақ тілін құрметтеуге баса мән беру керек.

Мұғалжар аудандық сотының ұжымында қызметкерлердің басым көпшілігі қазақ ұлтынан болғандықтан, қазақ тілін толық меңгерген судьялар мен мамандар, сондықтанда қолдану деңгейі 100 пайыз десек болады және мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мақсатында семинар сабақтар, тренингтер өткізіліп тұрады.

Мемлекеттік тіл, қазақ тілі - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болғандықтан, аудандық сотта қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралып жатыр. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық iстердің iс жүргiзуі мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда орыс тiлiнде немесе басқа тiлдерде де мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.

 Мұғалжар аудандық сотының

жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив