Сотқа жолданатын істері және материалдарды мемлекеттік тілде рәсімдеу мәселелері

Сотқа жолданатын істері және материалдарды мемлекеттік тілде рәсімдеу мәселелері

      Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады.

    Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

     Сот жүйесінде де тіл саясатының үрдісі қарқынды даму үстінде. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру мақсатында елеулі қадамдар жасалуда. Тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарға  қажетті оқу - әдістемелік құралдарымен қамтамасыз  етілген қазақ тілін тегін оқыту курстары ашылып, барша жағдайлар жасалған.

    Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген  құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда әрбір  мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады.

    Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда.

    Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр .

   Тіл - ұлттық  діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры.

   Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.

    Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым.Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз-тіл болмақ емес. Тіл-тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Тәуелсіздіктің үлкен бip талабы да осы. Егер кұнарлы тілдің  құнын түсіріп күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. «Құлағына мақта тыққандарға» бұл аз айтылып жүрмегені аян. Tілiміздің тағдыры - біздің өзіміздің тағдырымыз.     Оған салғырт қарау - өзгені емес, өзімізді сыйламау болып шығады.

    Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оңын қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарқымен өрісін кеңейте алмайды.

     Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бip айғағы, біздің облысымызға берілген уақыт басынан сотта ic-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп, мекеме, салалармен біріккен се­минар сабақтар, дөңгелек үстелдер т.б. сиякты жиындар өткізіліп келеді. Мұның өзін мемлекеттік тілдің  мәртебесін асқақтатуға қосқан үлесіміз деп білеміз.

А.Қ Қарагойшин

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың  

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Аға сот приставы  

   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив