Мемлекеттік қызмет этикасын қатаң сақтау

Мемлекеттік қызмет этикасын қатаң сақтау

Мемлекеттік қызмет лауазымдарының орындаушысы бола отырып, өзінің қызметін атқарғанда, қоғамда мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтап және азаматтардың алдында өзінің жауапкершілігін сезініп, қоғамдық сенімді бекітуге мүмкіндік туғызуы қажет. Мемлекеттік қызметшінің әр уақытта әдеп қағидаттарын сақтауы қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады.

Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресми мінез ‑ құлық қағидалары деген ұғым бар. Олар өз кезегінде қызметте өте маңызды рөл атқарады. Яғни, оларды қатаң сақтау мемлекеттік қызметшілердің іске байыпты қарауын, жоғары кәсібилігін көрсетеді.

Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және оны әрбір мемлекеттік қызметші білуі қажет. Жалпы, іскерлік этикет қағидалары мыналардан тұрады:

- дресс-кодты сақтау,

- жұмыс уақытын тиімді пайдалану,

- қызметкерлер арасындағы жұмыстағы қарым ‑ қатынас,

- тайм менеджменттің негіздерін ұғыну,

- телефон этикеті, әңгімелесушілерге деген құрмет, яғни тыңдай алу және дұрыс жағынан түсіну сияқты т.б.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы әдептілік нормаларының сақталуы басшылыққа да тікелей байланысты. Себебі, басшының ұжымда ізгі ниетті және тиісті жағдай жасай білуі халық пен мемлекеттік қызметшілердің табысты өзара іс ‑ қимылының негізі болып табылады.

Басшылықтың өз тарапынан қызметшілер арасында әдеп қағидаларын сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізуі және жеке мінез ‑ құлық арқылы әділдіктің, бейтараптылықтың және парасаттылықтың үлгісін көрсетуі қызметте маңызды рөл атқарады. Әрбір басшы барлық ұжымның тиімді өзара іс‑қимылы үшін жағымды жағдайларды жасаудың маңыздылығын түсінуі қажет. Кез келген ұжымның табысты өсуі, оң нәтижелі көрсеткіштер көрсетуі ұжымдағы ахуал мен қызметкерлердің ортақ мақсатты қаншалықты терең түсінуіне байланысты.

Жалпы айтқанда, Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен тиісті мінез ‑ құлық қағидалары және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, өз қызметі аясында елге деген адалдықты, құрметті абыроймен ұстануымыз қажет. 

Маржан Қамбарова 

Астана қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы                                          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив