МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

Тәуелсіз мемлекетіміздің Отанын сүйетін әр азаматты тіл тағдыры толғандырмауы мүмкін емес. Елбасы барша Қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіс екендігімізді ескертті. Осыған қарап, әрбір саналы адам өз ана тілінде дұрыстап сөйлей білуді мәдениеттіліктің басты белгісі деп ұғынуы тиіс. М. Әуезов айтқандай: «Кімде - кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Олай болса, қоғамның толыққанды, тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеру керек. Бас қаламызда ана тілімізді өркендету әр азаматтың міндеті. Барлық жақсы үрдістер мен оң өзгерістер осы Елордамыздан бастау алады. Біз салт - дәстүрімізді, тарихымызды, мәдениетімізді насихаттау арқылы өзімізді өзгелерге танытамыз.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін бақылау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілген екен. Зерттеу нәтижесі бойынша байқалғаны - қазақ тілін мүлдем білмейтіндер - 10 %, түсінетін, бірақ сөйлей алмайтындар - 20 %, ал қалған 70 %-ы әр түрлі деңгейде сөйлей алатындар, бірақ сөйлемейді. Өйткені, оларда ұлттық рухтың ұшқыны жоқ. Қызметкерлердің, оның ішінде, өзіміздің қара көз қазақтардың «үйренейік», «сөйлейік», «білейік» деген ниетінің болмауында. Бұл - әрине, патриоттық сезімнің, ұлттық намыстың, еліне деген сүйіспеншіліктің көрсеткіші. Бізге тілді үйретумен бірге оның алғышарттарын жасайтын өнеге, тәрбие жұмыстарын да жүргізу қажет. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі»,  деп әл Фараби айтқандай адам өмірінің негізгісі - тәрбие. «Он үште отау иесі» - дейді бабаларымыз.

Мемлекетіміз бүгінде өсіп, өркендеп келеді. Екі жүзге жуық мемлекет ішінде 9-шы орын алатын жер қалдырған ата-бабаларымыз елді, жұртты қазақ тілінде басқарған. Бүгін нағыз тәуелсіз ел болғанда тілдік боданда болу - «қазақпын», «Қазақстандықпын» деген адамның азаматтылығына сын. Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен, биік ұлттық рухпен, азаматтық парасатпен қорғаған еліміздің мемлекеттік тілі - мемлекеттің іргесін қалауға да, қабырғасын тұрғызуға да, күмбезін көтеруге де мүмкіндік беретін құрал. Біз 50 озық елдің қатарына мемлекеттік тіл арқылы ғана жете аламыз. Өйткені, әлемдік қауымдастық өзін сыйлаған, өз болмысымен танылған елді мойындайды.

Мекемедегі аудармашыға жұмысты үйіп-төксек, қазақ тілінің көсегесін көгертпейміз. Қазіргі уақытта қазақ тілді қызметкерлерге ешкімге иек артпай, өз міндетін ана тілінде орындау талабын қою керек. Ол үшін оқысын, үйренсін. Егер оқығандарын іс жүзінде пайдаланбаса, қанша жыл оқыса да үйрене алмайды. 

Даулет Құлжанов 

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы                                                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив