Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

Мемлекеттік тіл – көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу, т.б.міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. 

КСРО ыдырап, еліміз егенмендігін алып Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып бекітілді.

Тіл – ұлттың құндылығы, байлығы. Мемлекеттік тілді білу ол азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйішпенділіктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін тануға мүмкіндік береді. 

Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады.

Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасында тұратын бүкіл халықтың тілі. Сондықтан да мемлекеттік тілді білу барлық Қазақстандықтардың міндеті.

Еліміздің барлық мемлекеттік мекемелерінде іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге шек қоймайды. Алайда, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақ үлесін қосса екен.       

Данара Уразаева 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің жетекші маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив