АЛҚАБИЛЕР ТУРАЛЫ

АЛҚАБИЛЕР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында алқабилер сотының пайда болуы- тәуелсіздік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі.

Жалпы құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары сот әділдігінің заң шеңберінде атқарылуынан, сотқа барша халықтың қолжетімділігінен көрінеді.

Ал еліміздің дамуындағы экономикалық, демократиялық жетістіктер мен өскелең заман талабы сот төрелігін жүргізуде тың үлгілерге жол ашуына мүмкіндік берді. Соның бірі ретінде алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу тәжірибеге енді. Сөйтіп, осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған «Алқабилер туралы» Заң қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, алқабилердің құқықтық мәртебесін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын болды. Мемлекет басшысы алқабилер сотын енгізу қағидатты қадам болды деп атап өтті. Бұл демократияның ажырамас бөлігі ретінде азаматтық қоғам институттарын дамытудағы және адам құқықтарын қорғаудағы жауапты кезеңге айналды. Одан бері алқабилердің қатысуымен елімізде бірнеше істер қаралды. Жалпы, алқаби дегеніміз соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған еліміздің кез келген азаматы. Сондықтан да алқаби сотын  сот төрелігін жүзеге асыруға халықтың қатысуының бір түрі дейміз.Арнайы іріктелген адамдар істің нақты мән-жайларын бағалап, шешім шығарады. Азаматтық қоғам мен мемлекет үшін осы институттың құндылығы алқабилердің кәсіби судьяларға қарағанда сот қызметіне істі қабылдауды, өмірлік тәжірибені, ақиқат пен әдептілікті қоғамдық ұғынуды өзгеше енгізуінде болып отыр. Алқаби сотын көп жағдайда «қоғамдық ар-ұждан соты» деп айтады, ол қоғамда ақиқат пен әділеттілік туралы ұғымды дерексіз емес, нақты түсініктер арқылы қабылдап, қолдайды.

Қазақстанда алқаби соты енгізілгеннен бері бірнеше жыл өтті, осы кезеңде алқаби соттары біршама тәжірибе де жинағаны анық. Соттардың алқабилердің қатысуымен қарайтын істердің көбеюі оған сенімнің артып отырғанын білдіреді дейді мамандар. Сот төрелігінің осы институтына туындап отырған қызығушылық оның өміршеңдігі мен маңыздылығының белгісі болып табылады. Аймақтар арасынан облыстық және оған теңестірілген соттарға баруға жататын сотталушылардың  алқаби сотын неғұрлым жиі таңдап отырғанын атауға болады. Атап айтқанда, алқаби сотына қарсы пікір білдірушілер алқаби сотын енгізу әлі ерте, ондай сот біздің менталитетімізге жат деген уәждер келтіреді. Кейбіреулер мұны шығарылған сот шешімінің себептерін заң ғылымына және практикасына ешқандай қатысы жоқ адамдардың, кейбір жағдайда тіпті мамандар үшін де қиын болып табылатын кінәлілігі, дәлелділігі, жауаптылығы туралы аса күрделі мәселелерді шеше алмайтындығымен түсіндіруге тырысады. Кейде алқабилердің төмен әлеуметтік мәртебесі туралы да айтылып жатады. Бұл пікірлермен бірқатар мамандар нақты келіспесе де алқабилердің қатысуымен жүргізілетін сот ісін жүргізу әлі толық жетілмегендігін алға тартады. Бірақ, алқаби соты демократияның сөзсіз жеңісі екені, оны барынша қорғау және дамыту керектігі анық. Қазақстандағы сот реформасының қазіргі заманғы тұжырымдамасы оны ең алдымен, сот жарыспалылығын ынталандыруға, сол арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым пәрменді қорғауға ықпал етуге арналған институт ретінде қарайды.

Ал Заңға сәйкес, алқабилердің құқықтары және мiндеттерi келесідей: Алқаби - өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға; процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға, сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.

Сонымен қатар, сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға; алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе істі тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге; сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.

Сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге, сотқа қатысушыларға судья арқылы сұрақтар қоюға, сот отырысында істің жария етілген мазмұнымен танысып, түсініксіз мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы. Сот ісінде жариялылыққа, тәуелсіздікке қол жеткізу бағытында дүниеге келген алқабилер институтының ең басты ерекшелігі олар кеңесу бөлмесінде бірқатар маңызды мәселеге айрықша назар аударады: әрекеттің орын алғаны нақты дәлелденді ме, бұл әрекетті сотталушының жасағаны расталды ма және бұған сотталушы кінәлі ме? Міне, осы сауалдар арқылы сотталушының кінәлілік дәрежесі анықталып, соған сәйкес айыптап соттауға немесе жауаптан босатуға шешім қабылданады. Ата Заңымызда белгіленген сот тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы, тараптардың теңдігі және жарыспалық қағидатын сақтай отырып, ар-ождан таразысы арқылы адамдардың тағдыры шешіледі. Бұл ретте қоғам мүддесін білдіретін алқабилердің моральдық бейнесі кіршіксіз, азаматтық ары таза, адамгершілік ұстаны жоғары болуына баса назар аударылады. Өкінішке қарай, алқабилер тізімін жасаған кезде құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан олардың қатарына өткен өмір жолы күмәнді, жауапкершілік жүгін жете түсінбейтін, тіпті тәртіпсіз адамдардың да еніп кеткен фактілерінің бар екенін жасыруға болмайды. Себебі, алқабилердің заңға ешқандай қатысы жоқ адамдар болғаны жөн.

Алқабилер тізімін жасақтау жергілікті әкімдіктерге жүктелгендіктен, олардың арасына талапқа сай келмейтін адамдар да қоса ілеседі. Сондықтан ол тізімдегі үміткерлерді компьютер арқылы таңдағанда небір адамдардың алқаби болып шыға келетіні сөзсіз. Дегенмен, бұл кемшіліктердің бәрі түзелетін қолдағы іс. Ең бастысы, алқабилер қатысуымен қаралатын сот процестерінің ізгілікті және әділдікті арқау ететіні халыққа үлкен сенім ұялату керек.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

А.Тілемберлиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив