Мемлекеттік тіл –ел айнасы!

Мемлекеттік тіл –ел айнасы!

Әр ұлттың тарихы мен мәдениетіне, әсіресе, оның тұлғалану болмысына қарайтын болсақ, халықтық ұлт ретінде қалыптасуына, тарихи уақыт сынынан сүрінбей өтуіне ықпал ететін құндылық ана тілі болып табылады. Алаш зиялылары айтып кеткендей, тілі мен тарихы жоғалған жұрттың өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

«Қазақ тілін дамыту» мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.

Елімізде жарқын жаңа Қазақстан болып жаңа жүйеге көш бастадық! Елдегі үлкен өзгерістер көптеген нәтижелі игі істерге әкелеріне нық сеніммен қарай отырып, білімді ұрпақ ел тірегі. Қарапайым халық көп шоғырланып жүретін қоғамдық көліктерден бастайтын болсақ, мемлекеттік тілде хабарлау, қоғамдық орындарда адамдарға мемлекеттік тілде бағыт беру міне нәтиже жол бастайтын жаңа бағыттың нышаны деп білемін!

Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл сол мемлекет иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни ол өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс-қағаздар т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет.

«Ұлттың сақталуына да, жойылуынада себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл» деген Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, қазақ тілін білуге міндеттеу ешкімнің құқығына қол салғандық болмайды. Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап.

Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші мемлекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайында күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Кез-келген салада болсын өзге тілді құрметтеу және өз мәдениетін сақтау үшін, өз тілдерінде жұмыс атқарылады.

Әрқашан елім деп соғар ұрпақтың, тілге деген құрметі мәңгі сөнбеуі керек деп білемін! 

Уюмдасова Альмира Асқарқызы 

Орал қаласының мамандандырылған

тергеу сотының жетекші маманы                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив