Мемлекеттік тіл – ұлттың төлқұжаты

Мемлекеттік тіл – ұлттың төлқұжаты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Халқымызда мынадай дана сөз бар: «Тіл – жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», -деген. Туған тілге деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Ананың ақ сүтімен бойға сіңген адамдық қасиеттер де туған тілдің арқасында дамиды.

Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі ‑ мемлекеттік тіл. Тіл ‑ әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі, әрі ұлт руханиятының алтын қазығы.

Тіл ұлттың басты белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады. Әр ұлттың рухани мәдениетінің бір бөлігі тілі болғандықтан ол өзіне деген құрметті талап етеді. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған болған жерде оның мәселесі де болады. Тарихқа үңілсек, тіліміз қиын-қыстау заманда да өз болмысын, ерекшелігін сақтаған. Өзгерістерге қарамастан, тіліміз сақталып, халқымыз ұлт мүддесін болашақ ұрпаққа мұра етті. Осы ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшін салып қорғаған ана тіліміздің болашағы мына біздердің қолымызда екенін ұғынуымыз керек.

Қазіргі уақытта қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Сот жүйесінде де мемлекеттік тілді қолдану аясы жылдар өте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Сонымен қатар, қазақ тілінде сот ісін жүргізу де күн тәртібінен түскен жоқ. Іске қатысты барлық құжаттар, іс-қағаздар журналы бәрі дерлік қазақ тілінде орындалады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі арқылы халықтың сотқа деген сенімі, сот билігінің беделі артуда. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңызға ие. Мемлекеттік тіл өсіп-өркендеп, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміз бен теңдігіміздің қайнар көзі, кемелді келешегіміздің ұйытқысы, олай болса ана тіліміздің мерейін асырып, дәрежесін түсірмеу әр азаматтың қасиетті борышы деп санаймын. 

Бөкей ордасы аудандық сотының

аға сот приставы Н.Д. Төлегенова  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив