Сот жүйесіндегі  мемлекеттік тіл мәртебесінің маңызы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тіл мәртебесінің маңызы

«Тілсіз келген білімнің,

 Түбі нағыз қиғылық.

 Көсегесін тілімнің,

 Көтеремін ту қылып» - деп Қадыр Мырза Әли атамыз жырлап кеткендей ана тіліміздің қадір-қасиетін жоғалтпай, Отаным деген әрбір азамат халыққа, елге қызмет ету жолында мемлекеттік тілімізді бәрінен жоғары ұстап қадірлесе игі. Мемлекеттік тіліміздің мемлекеттік қызметтегі орны ерекше. Халықпен үнемі тығыз қарым-қатынас жүргізетін әрбір қызметкер мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, нақты әрі түсінікті жауап қатуы керек.

Кеңес дәуірінің басында алаш арысы Сәкен Сейффулин  «кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды»  деген  болатын. Расымен де біз іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізбесек, қазаққа қазақша сөйлей алмасақ ұлттық қадірімізді жоғалтып өз жұртымызды өгейсінетін едік. Сондықтан әрбір тамырында қазақтың қаны тараған, қасиетті ұлттың перзенті қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, ұлтының рухын асқақтатып жүретініне сенімім мол.

Шыңғырлау аудандық сотымен мемлекеттік тіл туралы судьялар мен сот  мамандары үнемі дөңгелек үстелдер өткізіп, мақалалар жариялап, бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы халықпен тағыз байланыс жүргізіп, сот жүйесінде атқарылып отырған қызметтерімен бөлісіп отырады. Мәселен,  Шыңғырлау аудандық сотына 2022 жылы азаматтардан түскен талап-арыздар саны 115 болса, соның  ішінде мемлдекеттік тілде түскен арыз саны 31. 2023 жылы түскен талап-арыздар саны 152 болса, соның ішінде мемлекеттік тілде түскен арыз саны 26-ны құрайды.

Бұл дегеніміз біздің ауданымызда әлі де мемлекеттік тілді дамыту керектігінің айқын көрінісі болып табылады. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуы үшін халықтың да тілдік деңгейінің маңызы ерекше орын алмақ. Сондықтан сіз бен біз болып ана тіліміздің әрі қарай дамуына үлес қоссақ, қазақ ұлтының рухы асқақтап, қазақ тілінің мәртебесі жоғары болатыны сөзсіз. «Қай тілде сөйлесең, сол тілде ойлайсың. Қай тілде ойласаң, сол тілдің жанашырысың», «Өсер ел, алдымен өз тілін қадірлейді» деген сөздерді есімізден шығармағанымыз жөн деп санаймын.

Шыңғырлау аудандық соты әкімшісінің басшысы

Ж.Каримов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив