Сот мұрағатынан құжат сұрату тәртібі

Сот мұрағатынан құжат сұрату тәртібі

Сот мұрағаты өз қызметін мұрағатқа жауапты лауазымды адам басқаратын сот кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде жүзеге асырады. Мұрағат қызметін бақылауды сот төрағасы жүзеге асырады.

Сот мұрағатшысы қаралған және мұрағатқа тапсырылған сот істерін беруді мынадай қағидаларды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады:

  1. Мұрағаттан құжаттарды пайдалану сот төрағасының рұқматымен ғана жүргізіледі;
  2. Құжаттармен жұмыс істеудің міндетті шарты олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;
  3. Танысу үшін берілетін істер толық өңделуі және ресімделуі, яғни тігілуі, нөмірленуі, куәландыру жазбасы болуы тиіс;
  4. Мұрағаттық құдатты пайдаланған кезде құжаттың мәтінінің астын сызуға, белгілер жасауға, парақтарды бүгуге тыйым салынады;
  5. Мұрағат қызметкері мұрағаттық құжаттардың белгіленген көшірмелерін алады

сот басшылығы тәртіппен;

  1. Істі мұрағаттан алған кезде соттың міндетті номенклатуралық тізімін жасайтын журналдарда тиісті жазбалар жазылады;
  2. Істерді сот мұрағатына қабылдау кезінде істегі (журналдағы, нарядтағы) барлық парақтардың болуы мен жай-күйі оларды тапсыратын адамның қатысуымен міндетті түрде тексеріледі.

Осы шарттардың кез-келгенін елемеу Мұрағат ережелерін бұзу болып табылады. Қажет болған жағдайда сот процесіне қатысқан адамдар ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік бажды төлей отырып, оларға сот актілерінің қажетті көшірмелерін беру туралы сот төрағасының атына жазбаша өтінішпен сотқа жүгіне алады. 

З.Шарипова 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының жетекші маманы                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив