Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінде  мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды бұзу мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары көзделген. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын талаптарды, олардың мінез –құлқының негізі стандарттарын белгілейді  және мемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер қабылдаған шешімдерін заңды, әділ және ашық, сыпайы, өзінің қызмет бабын пайдаланбауы тиіс. Әдепке сай  емес мінез-құлқы мемлекеттік қызметшіге деген сенімге  нұсқан келтіретінін түсінуіміз керек.

Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талап қойылады. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс, әріптестер арасындағы ресми қатынастарда әріптестерінің ар намысы мен абройына кір келтіретін жеке және  кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға, көпшілік алдында сөйлеуге байланысты мінез-құлық нормаларын ұстауға тиісті. Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген  міндеттерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс. Әлеуметтік желілерді пайдаланған кезде  мемлекеттік қызметші интернет желісінің басқа пайдаланушыларымен әңгімелесуде сыпайы қалыпты ұстануы, өз парақшасында құпия және басқа да жабық ақпараттты жарияламауы, қоғамға жат міңез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.

Сот саласында қызметшілер арасында семинарлар, жиындар жиі өткізіліп, әрбір қызметші өз міндеттерімен қоса, Әдеп кодексінің қағидаларын қатаң сақтау жөнінде басшылықпен, әдеп жөніндегі уәкілімен үнемі ескертіліп отырады.

Мемлекеттік қызметші адалдық, тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып, өз ұжымының беделін түсірмеуі қажет мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі міңез-құлық- ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады.

Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы Н.Жакупова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив