Мәңгілік Ел - Ұлы мақсат

Мәңгілік Ел - Ұлы мақсат

Сөз құдіреті мен заң құдіретін сақтап қалған көшпенділер мәңгілік ел болуды көкседі. Оның астарында бақытқа ұмтылған елдің арман – мұраты, ізгілікке бағытталған мақсат – мүдделері тоғысқан. Нақтылап айтқанда, мемлекеттің ғасырлар шеңберінде, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беретін және өзіндік қорғаныс саясатын берік ұстанатын ұлы идеясы жатыр. Демек, бұл Қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының жемісі.

Тарих тағылымы осы шексіз философиялық ұғымды Түркі жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған Тоныкөк идеясынан бастау алғанын айна-қатесіз дәлелдейді. Оның негізі көне түркі жазба ескерткішіндегі «Мәңгілік Ел» идеясымен, екіншіден, теориялық – методологиялық тұрғыдан тиянақталған Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» шығармасымен және үшіншіден, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанымен тығыз байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттің тұрақты дамуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй даналардың ауызбіршілігі, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, бірліктің болу қажеттігі басты қағида ретінде айтылады. Түркі елінің болашағы үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төгуі де осы Мәңгілік Ел болудың амалы.

Негізінде, Мәңгілік Ел, тәуелсіздік, азаттық ұғымдарының мазмұны бір-бірімен үндесіп жатыр. Осы ретте «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде ғана, геосаяси тұрғыда тең құқықты субъект ретінде әлемдік үдерістерге ықпал ете алады»,  - деген ой еске түседі.

Көшпелі қазақ халқының ел билеу заңы «Жеті жарғы» - «Қанға қан алу», «Құн төлеу» баптарымен басталатынын баршамыз жақсы білеміз. Аталған құжаттың әрбір бабы сол кездегі заман талаптарына сай әзірленді. Ол қазақ елінің ұлттық бірлігін нығайтып, рулар арасындағы алауыздықты тежеуге көп үлес қосты.

Сөз басында «Мәңгілік Ел» болуды көксеген халқымыздың басты мүддесі – Отанды сүю, бабалардан мирас болып қалған жеріміз бен елімізді қорғау, атадан балаға берілетін салт-дәстүр атты ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау идеясы жатыр.

Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие болмақ. Ендеше, Мәңгілік Ел болу жолындағы сапарымыз сәтті, болашығымыз жарқын болсын. 

Г.Ж.Торжимбаева 

Ақтөбе гарнизоны әскери соты әкімшісінің бас маманы                                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив