Сотта мектеп оқушыларымен «Ашық есік күні» өткізілді

Сотта мектеп оқушыларымен «Ашық есік күні» өткізілді

2023 жылдың 11 желтоқсаны күні Бөкей ордасы аудандық сотында М.Маметова ЖББОМ-ның 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

«Ашық есік күніне» келген оқушылардың сауалдарына Бөкей ордасы аудандық сотының судьясы М.Э. Шингалиев жауап берді.

Судья Марат Шингалиев жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, болып жатқан қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды айтып, оның қоғамға қауіптілігін, жастар арасында белең алған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында кездесетін көшеде былапыт сөйлеу, әлі жететіндерді қорлап тиісу, көшені, саябақтар, скверлерді ластау, қолындағы қалдықтарды тастау, түнгі уақытта тыныштықты бұзу сияқты ұсақ бұзақылықтарды жасау, басқа да теріс қылықтар, соның ішінде, кәмелеттік жасқа толмағандар түнгі уақытта ата-анасының ертіп жүруінсіз көшеде жүрмеулері, колледжде және көшеде өздерін дұрыс ұстаулары, оқушылардың бірін-бірі қорқытып ақша талап етулері жөнінде фактілер болып жатырғанын, осы жасаған әрекеттері үшін заңнамада көзделген жазаларды атап, оқушыларға түсіндірді.

Сонымен қатар судья М.Шингалиев өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасымен жүзеге асырылып отырған өңірлердегі дау-дамайды азайту мақсатында, ҚР Медиация туралы заңнамасына сәйкес, дауды сотқа дейін жеткізбей немесе тараптардың өзара татуласу мүмкіншіліктерін пайдаланып медиаторлар арқылы дауды одан әрі өршітпей келісімге келуге болатындығын айтты.

Бүгінгі таңда, ауданымызда кәсіпқой емес медиатордың бар екенін, әр ауылдық округінің аумағында кәсіби емес медиаторлар өз жұмыстарын жүзеге асырып жатырғандығын, сонымен қатар әр округте медиатор кабинеті ашылғанын атап өтті.

«Ашық есік күні» аясында өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойған барлық оқушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілді.        

Нұржанар Төлегенова  

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы сот

әкімшісінің аға сот приставы   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив