Ашық есік күні өтті

Ашық есік күні өтті

Бөрлі аудандық сотында Қазақстан Республикасы күніне арналған "Ашық есік күні" өткізілді.

Ашық есік күні сотқа Ақсай қаласындағы № 5 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары мен мұғалімдері келді.

Іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Сот әкімшісінің басшысы қатысушыларды ұлттық мереке-Қазақстан Республикасы күнімен құттықтап, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы" декларация қабылданғанын, қазіргі уақытта ел президенті Қ. Қ. Тоқаевтың бастамасымен 25 қазанда Ұлттық мереке мәртебесі аталып өтілгенін атап өтті, сондай-ақ, ең бастысы-Қазақ КСР-нің мемлекеттік- бұл егемендік және біз мемлекет болып табыламыз.

Бөрлі аудандық сотының А.Р.Бектурганова, А.О.Биссалиева, А.К.Ускембаева судьялары қатысушыларға сот жұмысының ерекшелігін, алқа билердің қатысуымен сот төрелігін жүзеге асыру қағидалары және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істердің жекелеген санаттарын қарау туралы түсіндірді, сондай-ақ сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы және Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын хабарлады.

Іс-шара аясында қатысушыларға сот отырысы хатшысының, судьяның жұмысымен, заманауи техникалық құрылғылармен, АВФ жүйесімен жабдықталған сот отырысы залымен танысуға мүмкіндік берілді.

Кездесуде қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. 

А.Н.Оразбек 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық соты әкімшісінің басшысы                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив