«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Біздің  басты  мәселеміз – заңмен белгіленген мәртебесі бар мемлекеттік тіл Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның қоғам өмірінің барлық салаларындағы қолданысын қамтамасыз ету болып отыр.

 Бұл мақсатқа біз үстемдікпен, әкімшілік  жолмен емес, тілдік қақтығыстарға жол бермейтін мақсатты, сауатты да табанды тіл саясатын жүргізу арқылы ғана қол жеткізе аламыз.

Әлемде қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өмір сүретін, қызмет ететін бір ғана ел бар, ол – Қазақстан. 

Ал Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатының дұрыс жүргізілуі бұл елдігіміздің, ұлттық дамуымыздың, болашағымыздың аса маңызды мәселесі.     

Біле – білсек, Қазақ тілін еліміздің шын мәніндегі мемлекеттік тілі, барша қазақстандықтардың құрметтейтін, білетін, қоғам өмірінің барлық саласында жаппай қолданатын тілі деңгейіне көтеру – елдігіміздің іргетасын бекітіп, ұлтымыздың айбары мен абыройын асыру жолындағы үлкен мүддеміз.

 Қазақ  тілі – қазақтың бүгіні мен болашағы, ұлтымыздың тағдыры, мемлекеттілігіміздің түп қазығы, ел ертеңі екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. 

Тарихи өлшем тұрғысынан жас мемлекет саналатын Қазақстанда, мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін қалпына келтіруге баршамыз мейлінше мүдделіміз. Сондықтан, қолданыстағы барлық заң нормаларын сақтай отырып, мемлекеттік тілді қолдау, бәріміздің парызымыз.

Еліміздің Ата Заңында биліктің қайнар көзі халық деп атап көрсетілсе, сол халықтың біртұтастығын сақтайтын тілі ғана. Егеменді, азат, дербес боламын деген мемлекеттің ең алдымен көздейтіні - тіл мәселесі.

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше қасиетті құрал. Сондықтан да біз оны халық  арасындағы  достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолданысын қалыптастыру аса маңызды мәселе.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде мемлекеттік қызметшілерге  жүктелетін  міндет зор. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді білуге талап күннен-күнге жоғарылап келеді. 

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құжаттардың мемлекеттік тілде сапалы дайындалуына үнемі назар аударылып отырады.

 Бүгінде  ішкі құжат айналымындағы жұмыстарды ұйымдастыру  мемлекеттік тілде жүргізіліп, ол бойынша құжат әзірлеу (өкімдер, жедел кеңес хаттамалары, семинар, дөңгелек үстел хаттамалары, ұсыныстар, қызметтік хаттар, анықтамалар және т.б.) мемлекеттік тілде орындалуда  және мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріне  байланысты түрлі іс-шараларды ұйымдастырып өткізу жүйелі жолға қойылған.

«Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңалмайды», - деп Сәкен Сейфулин ағамыз кеңес дәуірі кезінде-ақ айтып кеткен.

Сондықтанда, кез келген мекеменің беделін арттыру үшін кеңсе қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мен кеңседен жіберілетін құжаттардың сауатты болуы басты шарт болып табылады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз қажет. 

Шынар Суингалиевна  Тунгатарова 

Батыс Қазақстан облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің басшысы

                                                 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив