Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру- әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру- әрбір азаматтың міндеті

      Жемқорлықпен күрес мәселесін кез келген дамыған ел өздерінің жіті назарында ұстап, бақылап отырады. Әлем елдері арасында жемқорлықты жеңген елдер санатына Нидерланды, Швейцария, Сингапур кіреді. Олар жемқорлыққа қарсы күресу  иммунитетін отбасынан, мектептен бастап қалыптастырады екен. Бала болса, қашанда ата-анасынан көргенді қайталаушы болып келетіні белгілі. Жастайынан ата-анасы өздерінің  мәселелерін ешқандай қиындықсыз шешіп, мемлекетттік қызметті алуда тамыр-таныстың көмегіне  жүгінгенін көрмей өскен бала, кейін өсіп ержеткенде өзі де солардай адал еңбек етугеталпынары сөзсіз. Біздің болашағымыз балалар десек, бізге де осы елдердің іс-тәжірибесін қолданғанымыз жөн.

      Өркениетті елдер сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы жемқорлық қызмет бабындағы туыстық, рушылдық байланыстармен көрініп, сонымен бірге басшыға жағымпаздану, біреудің ығында жүру және біреуге арқа сүйеуге негізделген екен.

      Сонау ХI ғасырда өмір сүрген дана бабамыз Жүсіп Баласағұни түркі халықтарына ортақ көне әдеби ескерткіш «Құтты білік» («Бақытқа  бастаушы білім)» атты еңбегінде мемлекетті дұрыс басқарудың төрт қағидатын- қара қылды қақ жаратын әділ заң, бақ-дәулет, ақыл- парасат және қанағат-ынсапты ұсынған. Бізге сол қағидаттың алдыңғы үшеуі болғанымен, соңғысы қанағат-ынсап жетпей жатады. Ал сол барына қанағат қылмайтындардың зардабын көбіне ары таза адамдар тартып жатады.

     Қазақстан  Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев  2019 жылғы 12 маусымда өзінің сөйлеген сөзінде «Сыбайлас жемқорлық-бұл мемлекеттің дамуын тежейтін кері күш, ол қоғамда өзара сенім мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Біз сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз»-деп атап көрсетті.

     2019 жылдың 13 маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен тәуелсіз құқық қорғау  органы- Қазақстан Республикасының Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ( Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қызмет) құрылды. Агенттіктің басты миссиясы- Қазақстан халқының иглігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою.

      Социологиялық зерттеулер бойынша елімізде сыбайлас жемқорлықтың ең жоғарғы көздері болып мемлекеттік ауруханалар мен емханалар, полиция, жер қатынастар басқармасы, мемлекеттік балабақшаларда, мемлекеттік жоғарғы оқу органдарында болған, ал осы сыбайлас жемқорлыққа  барудың, не болмаса келісудің негізгі себептері болып қағазбастылық, мәселені шешуді ұзаққа созу, сондай-ақ өкілеттілікті асыра пайдалану болып табылған.

     Ақжайық аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот кеңсесіне келіп түскен талап-арыздар, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер «Төрелік» бағдарламасы  арқылы судьялардың қарауына автоматты түрде бөлінеді. Істердің бөлінуіне судьялар, не кеңсе мамандары  араласпайды.     

    Сотқа келіп түскен істердің барлығы да дыбыс-бейнежазба арқылы қаралып отыр. Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сот қызметкерлері арасында шаралар жүзеге асырылып отырады. Сот ғимаратының  қауіпсіздігін күзет қызметкерлері қамтамасыз етеді. Сотқа келген  азаматтардың жеке басы жеке куәліктері арқылы тексеріліп, тіркеуден өткізіледі. Содан кейін ғана сот залына  жіберіледі. Мұның барлығы да сот қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекет жасауына тосқауыл қояры анық. 

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы Ақмарал Нұрым

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив