Отбасы құндылығы - басты қазына

Отбасы құндылығы - басты қазына

Отбасы құндылығы – мемлекеттің ұстанып отырған басты саясаты. Шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Мемлекет басшысы әр жылда халыққа арнайтын жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата-аналардың балаларын шынайы қамқорлыққа алу мәселелері тұрақты сөз болып келеді.

Отбасы – бұл сыйластық, жарастық орнаған орта, шағын мемлекет іспеттес. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, бүгінде түрлі себептермен шаңырақтар шайқалып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбей жатқандығы жасырын емес. Бұрынғы ата-бабамыз ерекше қастерлеген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті?

Әрқайсысының өз дәлелі бар. Бірі тұрмыстық жағдайды алға тартса, енді біреулерінің мінезі сәйкес келмейді-мыс. Не десек те ажырасудың аты – ажырасу. Одан қоғамға да адамға да келіп жатырған пайда шамалы, ал зардабы көп. Шаңырақты шайқалтуға әкеп соғатын жағдайлардың бірі материалдық жетіспеушілік. Осындай себеппен отбасында шырғалаң туғанда үлкендердің жастарды қолдауы – зор көмек. Ажырасу баланың психикасына салмақ салады. Әр бала мінезіне сай, ата-анысының екі жаққа бөлінуін түрліше қабылдауы мүмкін. Кейбірі қасақана теріс жолға түсіп, қылмыс жасауға дайын тұрады. Бұл баланың «кек алудағы» бір тәсілі десек те болар. Кейбір балалардың күнделікті кикілжің мен ұрыс – керістен шаршағандықтан өмірге қызығушылығы азаяды.

 Тәрбие тал бесіктен басталады. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде отбасы үлкен рөл атқарады. Ата-ананың мейірімін көріп өскен бала ертеңгі мемлекетіміздің абыройы. Шындығында, ажырасу  - өте қауіпті дерт. Ел боламыз десек, ең бірінші шағын мемлекетімізді түзеуіміз қажет. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу ортақ болып қалады. Өкінішке орай, бұл жауапкершілікті бірігіп көтеретін азаматтардың қатары да сиреп бара жатыр.

Туған баласының несібесін аузынан жырып, қара басының қамын күйттеген мұндай адамдар ар алдындағы жауаптылықты сезінеді ме екен? «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», - деп Ы.Алтынсарин айтпақшы, ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін ата-анадан тәрбие алып шығатыны белгілі. Ал, тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай жұмыс емес. Сондықтан да ажырасуға бел буған кезде, араларындағы балаларының құқықтарын да бір сәтке ескерген жөн.

А.Кожина 

Ақтөбе гарнизонының әскери соты әкімшісінің басшысы                                                                                     

                                                 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Hudson 23 сентября 2023 02:31

    I'm truly enjoying the design and layout of your site. It's a very easy on the eyes which
    makes it much more pleasant for me to come here and visit more often.
    Did you hire out a developer to create your theme? Excellent work!


    Feel free to visit my web site; prijs van singulair
    in Den Haag

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив