«Сот кабинеті» азаматтар үшін тиімді

«Сот кабинеті» азаматтар үшін тиімді

    Ел тұрғындарының сотқа деген сенімін арттыруда жүйе жұмысында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың мағызы зор. Себебі, барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын әділ қорғау мақсатын көздейді. «Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

    Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыннан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

   "Сот кабинеті" сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады.

    "Сот кабинеті" сервисі арқылы келіп түсетін талап арыздар соттың да, сотқа жүгінген адамдардың да уақыты мен жұмысын қысқартады. Мысалы, егер азамат немесе оның заңды тұлғасы уақыты мен ақшасын жұмсамай, үйден талап арыз жіберсе, ол сот базасына электронды түрде түседі. Сот қызметкері арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерлеп, оларды талап арызбен бірге жолдап, содан кейін ЭЦҚ кілтпен қол қою қажет.

    Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократиялық кедергілерді жояды.

      Сонымен қатар  уақытыңызды үнемдейтін және жұмысты тез аяқтауға көмектесетін "Сот кабинеті" қызметін түсіну қиын болмайтынына тағы да назар аударамыз. Соттағы заманауи ақпараттық технологиялар  тараптардың  уақыты мен жол қаржысын үнемдеуге септігін тиігізіп, сот төрелігінің қолжетімділігін арттырды. 

      Қазіргі таңда сотқа арыз беруші азаматтар «Сот кабинеті» қызметін толықтай пайдалануда, 2023 жылдың 7 айы ішінде 81 талап-арыз, арыздар сотқа «Сот кабинеті» арқылы түсіп тіркелді.   

Зияш Зайнуллина

Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                          

Батыс Қазақстан облысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив