Күшіне енген сот актілерін сомаларды өндіру бөлігінде орындауға жолдау талаптары мен тәртібі

Күшіне енген сот актілерін сомаларды өндіру бөлігінде орындауға жолдау талаптары мен тәртібі

Елімізде жеке сот орындаушылар институты жүйесі енгізілген болатын. Осыған орай «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, «Жеке сот орындаушылар» туралы заң қабылданды. Жаңа заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін айғақтап, олардың өкілеттілігін нығайтуға бағытталды. Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде сот орындаушылардың құзыреті Әділет министрлігіне берілген болатын. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында да Елбасымыз барлық құқық қорғау органдарында өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, құқықтық сала қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін арттыруды басты мақсатқа айналдырды.

ҚР ҚПК-нің 9-бөлімінің 51-тарауында соттың үкімдері мен қаулыларын орындау туралы жазылған. 470-бабына сай Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді делінген.

Үкім заңды күшіне еңген соң 3 тәуліктен кешіктірмей сот мәжілісінің хатшысы үкімде көрсетілген сотталғаннан өндірілетін сот-процесстік шығындарды, баж салықтарын, уақытылы жеке сот орындаушылар палатасына, ал мүлікті тәркілеу мемлекеттік сот орындаушылар палатасына «Төрелік» ақпараттық сервисі арқылы сотталғанның тұрғылықты мекен-жайы немесе жазасын өтеп жатқан мекемесінің мекен-жайы бойынша атқару парағын жолдайды. Атқару парағына категориясы, үкімнің заңды күшіне еңген күні, сотталғаннан өндірілетін сомма, сотталған туралы барлық мәліметтер /жеке басын анықтайтын құжаттың нөмірі, ЖСН нөмірі, сотталғанның мекен-жайы, немесе жазасын өтеп жатқан мекеменің атауы/ көрсетіледі.

Атқару парағын «Төрелік» ақпараттық сервисі арқылы сот мәжілісінің хатшысы орындауды қажет ететін іске кіріп, барлық бағаналар толтырылғанын тексереді. Егер үкімде сомманы бірнеше сотталғаннан ортақтасып өндіру керек деп көрсетілсе, атқару парағында барлық сотталғандар көрсетілуі қажет. Соңында сот мәжілісінің хатшысы атқару парағын толық әзірлеп, судьяға қол қою үшін жібереді, судья өз кезегінде түскен атқару парағына қол қойып, атқару парағы автоматты түрде жеке сот орындаушыға түсіп, ол жөнінде «Төрелік» ақпараттық сервисінде тіркелді, орындалуда немесе қайтарылды деген белгі болады. Сот орындаушы атқару парағын арнайы қаулымен, себебін көрсетіп қайтаруы мүмкін. Егер сот мәжілісінің хатшысынын тарапынан қателіктер кетсе, атқару парағы түзетіліп, кері жолданады.

Жеке сот орындаушылар да сот актілерін орындайды. Мемлекет пен жеке және заңды тұлғаның пайдасына жұмыс істейді.

 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары туралы» заңның 140-154 баптары нақ осы жеке сот орындаушыларына арналған. Бұл заңда жеке сот орындаушыларының міндеті мен олардың сот шешімдерін жүзеге асырудағы артықшылықтары толықтай көрсетілген. Сот орындаушыларының борышкерге қатысты қолданатын әрекетін шектеу мен сот актісін орындамағаны үшін жазалаудың заңды тетіктерін жетілдіру керек. 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

бас маманы Р.Махина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив