Сот кабинеті туралы

Сот кабинеті туралы

 «Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

    Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыннан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

   "Сот кабинеті" сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады.

    "Сот кабинеті" сервисі арқылы келіп түсетін талап арыздар соттың да, сотқа жүгінген адамдардың да уақыты мен жұмысын қысқартады. Мысалы, егер азамат немесе оның заңды тұлғасы уақыты мен ақшасын жұмсамай, үйден талап арыз жіберсе, ол сот базасына электронды түрде түседі. Сот қызметкері арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерлеп, оларды талап арызбен бірге жолдап, содан кейін ЭЦҚ кілтпен қол қою қажет.

    Ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын төмендетіп, сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті төмендетуге ықпал ететінін атап өткен жөн.

    Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократиялық кедергілерді жояды.

    "Сот кабинеті" сондай-ақ ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық іспен танысу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, пуш-хабарлама арқылы сот отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабар алуға мүмкіндік береді, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш өткізуге, хаттамаға ескертулер беруге, сондай-ақ шығарылған сот актілерін алуға және атқару парақтарын сұратуға интернет желісі арқылы қолданушыға ыңғайлы кез-келген жерде, ресми немесе мобильді қосымша арқылы жүгіне алады.

     Еліміздің сот жүйесі жылдан жылға уақытпен бірге қадам басып, сот тәжірибесіне жаңа бағдарламалар енгізуде. Мұның бәрінің басты мақсаты сот процестеріне қатысушыларға жағдай жасау.

Интернетті еркін меңгерген азаматтарға сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейтін және жұмысты тез аяқтауға көмектесетін "Сот кабинеті" қызметін түсіну қиын болмайтынына тағы да назар аударамыз. Бүгінгі таңда бұл сот жүйесіндегі маңызды жетістіктердің бірі болып саналады.                                                                           

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                                

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив