Жасайбер Тәуелсіздігім!

Жасайбер Тәуелсіздігім!

Қазақстан –қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауына талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың бірі.

16-желтоқсан –ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен төл мәдениетін сақтап қалып, өз мемлекеттігін қалыптастырды. Мемлекеттілік-қазақ халқы үшін ұзақ жылдардағы асыл арман мен асқақмұраттың жемісі еді. Тарихтың қатпар бетін парақтап, тым тереңдемесекте, Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп, хан сайлаған кезеңненбері де сан түрлі соқтықпалы-соқпақты жолдардан жүріп өттік.

Тәуелсіздік-ұлы мұрат, қастерлі ұғым.Себебі қаншама халық бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды. Елім деп елдігі үшін, жүрегі  отан соққан әр азамат тәуелсіздігін ұмытпауы тиіс. Сан ұлтпен-ұлыстың бас қосқан егемен елімізде бейбітшіліктің таңы әрдайым атып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктеуге өз үлесімізді қосуға тиіспіз.

Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін және қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нәтижесі деп білеміз.Өсіп –өркендеген және қуатты Қазақ елі Тұңғыш Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген әрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Қазір іргелі тәуелсіз ел, демократиялық дәстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет айналдық.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы   

Уюмдасова Альмира Аскаровна

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив