Мемлекеттік тілге құрмет.

Мемлекеттік тілге құрмет.

1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып табылады. Осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз ел болды.  Ал еліміздің болашағы  жастар, сондықтан олардың тікелей және ең басты міндеттері еліміздің намысын қорғаумен қатар, еліміздің мәдениеті мен тарихын, тілін бүткіл әлемге таныту.

         Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішінде, тіл байлығы мен көркемдігі жағынан, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтардың қатарында, сондай ақ ол дүние жүзіндегі тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие болған тілдердің қатарында. 

         Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет. Ал біздің міндетіміз еліміз әлем таныған елдердің қатарында болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

         Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ана тілін сүйген адам -  туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.

         Қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, жалпы халықтық тілден, ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің мемлекеттік тіліміз ежелден жазба мәдениеті бар тіл. Тіл халықтың рухани, мәдени байлығының  дамуының негізгі құралы.

         Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра.

         1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1996 жылы «Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы» және 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының  «Тіл туралы» Заңы  республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен ынтымақтастың құралы ретінде қабылданған болатын. Республикамызда мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне  конституциялық мәртебе берілді.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі аса маңызды бірнеше салада жүзеге асырылады. Ел басының мемлкеттік тіл реформасын қалыптастыру туралы жарлығының басты талаптарының бірі Қазақстан Республикасында құжаттар айналымын қазақ тілінде жүзеге асыруды 100 пайызға жеткізу болып отырғаны баршамызға белгілі.

Осы бағытта қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде мәжіліс отырыстары, конференция, дөңгелек үстелдер, жедел мәжіліс отырыстары, хаттамалар мен анықтамалар,  ішкі және сыртқы құжаттар айналымы тек қана мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған орай Батыс Қазақсатн обылысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2010 жылы қалыптасқаннан бері сот құжаттары барлық айналымы мемлекеттік тілде жүргізілуде. Сотқа келіп түскен хат- хабарламалар ресми тілде тіркелгенімен жауап ететін құжаттар бойынша тіл заңына сәйкес екі тілде жауап беріледі. Барлық шығыс құжаттары мемлекеттік тілде даярланады. Ішкі айналым құжаттары, өкімдер, соттың жұмыс жоспары, сот кеңсе мамандарының атқаратын функционалдық міндеттері, жедел мәжіліс отырыстарының  хаттамалары, жолдама хаттар, ҚР Жоғарғы Соты мен Облыстық соттан келіп түскен барлық бақылаудағы тапсырмаларға  жауаптары, толық 100 пайыздық көлемде мемлекеттік тілде рәсімделіп отырады.

Сондай-ақ ұжымдағы барлық сот кеңсе мамандарының барлығы мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Олар өзара мемлекеттік тілде еркін тілдесе алады. Барлық сот мамандары Бұқаралық Ақпарат Құралдарына мақалаларын жариялау үшін екі тілде жолдайды. Осылайша сот кеңсе мамандары мемлекеттік тіл реформасын жүзеге асыру барысында өздерінің білімдері мен біліктіліктерін арттырып келеді.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Тлемберлиева

 

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив