Әлемдік дамудың айнасы

Әлемдік дамудың айнасы

Еліміз 2000 жылдардан бастап технологиялық процестерді автоматтандыруға күш салды. Кейін жаңа деңгейге көтерілу үшін жаңаша көзқарас пен жаңа әдістер, сондай­ақ, технологиялық өзгеріс қажет болды. Осылайша 10 жыл бұрын ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары сәтті басталып, халық оның игілігін көре бастады.

Соның ішінде, кез келген қазақстандықтың үйде отырып құжат рәсімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру секілді қызмет түрлерін төлеуге мүмкіндігі туды.

Нәтижесінде 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама еліміздегі цифрлы жүйенің дамуына одан әрі ықпал етті. Елімізде 3D принтинг, онлайн сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету жүйелері айтарлықтай жолға қойылуда. Цифрлық технологияға көшу ұзақ жылдарға созылатын процесс. Дегенмен, пандемия мемлекеттік қызмет көрсету саласының цифрлануын тездетті. Бүгінде цифрлық бағдарламалар барлық салаларда азды­көпті енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді алу электронды жүйеге ойысқан.

Соның ішінде цифрландыруға дер кезінде бет бұрып үлгерген еліміздің сот жүйесі пандемия кезінде онлайн сот отырыстарын өткізуге тез бейімделді.

Ал қазіргі таңда еліміздің соттары заманауи технологиялармен қарқынды жабдықталып, сот жүйесін сандық жүйеге көшіру, сот процестеріне ҚАЗЫНА қашықтан қатысу, ІТ құралдарды кеңінен қолдану жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде талап арыздар электронды форматта қабылданып, сот отырыстары түрлі бағдарлама көмегімен қашықтан үздіксіз өткізілуде.

Тіпті, «Сот кабинеті» сервисінде онлайн татуласудың жаңа функциясы енгізіліп, медиация рәсімін жүргізуге онлайн­өтінім жолдау және қажетті құжатты тіркеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сот жұмысында адами фактор барынша азайтылып, сот жүйесінің азаматтар үшін ашықтығы қамтамасыз етілді. Кез келген іске қатысушылар сот отырысының хаттамасымен оның цифрлық көшірмелерін ала отырып таныса алады. Азаматтар сот шешімдерін де сот кабинетінен қарап, көшірмесіне қол жеткізіп отыр.

Мұның барлығы цифрлы жүйе жетістігі екені даусыз!

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы                    Қажымұқан Мекемтас

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив