ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Егер бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген болса, жаңа редакцияда бұл олқылықтар жойылып, мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылып отыр.

Жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар-адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық. Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдылық берілген.

Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Жалпы ҚР азаматы ретінде әрбір адам әдеп сақтауға, мәдениет танытуға міндетті. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілер Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және де басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігін қамтамасыз етуге, ҚР заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекеттерімен жалпы мінез құлқымен қоғам тарапынан болатын сындарға себепкер болмауға әр кезде тырысу керек. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық соның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін, адамгершілікке нұқсан келетін жағдайларға жол бермеуі қажет.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Тлемберлиева Алия Артуровна

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив