Соттың белсенділігінің арқасында істер талап қоюшылардың пайдасына шешілді

Соттың белсенділігінің арқасында істер талап қоюшылардың пайдасына шешілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік соты талап қоюшы азамат Г. жауапкер Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» арасында туындаған дауға нүкте қойды.

Сот шешімін шығару барысында жауапкердің жолдасының қайтыс болғанын, оралман статусынан айрылса да, төрт баласы бар көп балалы ана ретінде тұрғын үй кезегінен шығарылуы заңсыз екенін, басында баспанасы жоқ болғандықтан, баспанаға мұқтаж екенін дәлелдеп, көп балалы ана санатында тұрғын үй кезегіне қойылуы қажет деп шешім шығарды.

Сондай-ақ талап қоюшы азамат М. арызын қанағаттандырып, Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының» кезекке қоюдан бас тартуын заңсыз деп таныды және мүгедек баланы бағып отырған отбасы ретінде Тұрғын үй қорынан үй алуға құқылы екенін ескеріп, кезекке қою туралы талап қоюшының пайдасына шешім шығарды.

Осы орайда атап өтер жайт былтыр сот қызметіне тың серпін беретін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» қабылданған болатын. Көптеген азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздікке тап болып жататыны рас. Бұл Заң сол олқылықтарды реттеп, оңтайландырғанын байқап отырмыз. Соның айқын дәлелі жоғарыдағы сот шешімдерінің билік органдарының емес, қарапайым азаматтардың пайдасына шешілуі.

Бұл жерде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» судьяға белсенділік беруі де үлкен рөл атқарып отыр. Жоғарыдағы соттарға берілген еркіндік, жаңа мүмкіндік, тәуелсіздік пен белсенділік судьяның іске барынша белсенді, әділ қарай білуіне ықпал етті деуге болады. Яғни әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырыла бастады.

Осыған дейін судьяларымыздың сот отырысы барысында «бейтараптық принципін» ұстануынан, сот барысында дәлелдемелердің жеткіліксіздігінен, тараптардың бірінің құқықтық сауатының төмендігінен істер жете зерттелмей шешім шығып жататын.

Егер судья артық әрекет жасаса, екінші бір тараптың наразылығын туғызуы мүмкін болғандықтан соттарымыз да сот ісіне араласудан сақтанып тұратын.

Ал енді былтырдан бастап «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» негізінде судья әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелері мен мәлімдемелерін, өтінішхаттарын және олар ұсынған дәлелдемелермен, сондай-ақ әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі заң шеңберінде шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты әрі объективті түрде зерттеуге мүмкіндігі туды.

Судьяға тараптардың бірімен істің жағдаяттары туралы ақылдасуына, екі жақтың дәлелдері мен ұстанымын нақтылауына, дәйектемелерді уақытылы және толыққанды жинауға жәрдемдесуіне заңдық тұрғыдан рұқсат етілді.

Сондай-ақ судьяның әкімшілік істің нақты және заңды талаптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға да заңдық құқығы бар.

Шыны керек, осыған дейін судьяның заң негізінде шешім шығара салуы, сот шешімін хабарлай сала сот залынан шығып кетуге асығуы сотқа қатысты арыз шағымдардың, аппеляциялық шағым жазушылардың қатарын айтарлықтай арттырған болатын.

Қазіргі таңда жасалған өзгерістердің барлығы осы олқылықтардың орнын толтырғандай болып отыр.

Яғни судья өзінің бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі берілді, тіпті «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» арқылы құзірет алды десек те болады.

Бұл өзгерістің артында судья белсенділігін арттыра отырып, халықтың сотқа деген сенімін де күшейту идеясы да жатыр деуге болады.

Жаңа заңнамада берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, судьяның  өз белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндігі бар. Судьяға екі жақ ұсынатын дәйектемелердің шын әлде жалған екенін өз бетінше тексеру мүмкіндігі берілген. Бұл әкімшілік сот өндірісінің үздік әлемдік тәжірибесіне де сәйкес келіп отырғанын айта кету керек.

Судьяға тараптар алға тартқан айғақтардың, дәйектемелердің шынайылығы мен негізділігін тексеру бойынша шаралар қабылдау құқығы берілуі тараптардың да сот шешіміне риза болып тарқасуына, қайта арыз шағым жазбауына, сол арқылы сот жүктемесінің көбеймеуіне ықпал ете алады.

Сондай-ақ соттарымыздың белсенділігі әлеуметтік желілерден де аңғарыла бастады. Қазір соттар әлеуметтік желіге тіркеліп, кейбір сот істерінің нәтижесін парақшаларында жариялап, заң нормаларын түсіндіріп, халықтың құқықтық сауатын көтеруге де атсалысуда. Кейбір қоғамда шу тудырған сот отырыстарының да қоғам назарына ұсыныла отырып, көпшілік талқысына салынуы жалпы судьялар корпусының ашықтық пен жариялылыққа мән бере бастағанын аңғартады.

Соттардың мұндай белсенділігі халық пен сот арасын жақындатып қана қоймай, өзара сенімнің қалыптасуына ықпал етуде. Жалпы соттарымыздың сот шешімін оқыған соң сот залынан бірден кетіп қалмай тараптарға сот актілерін түсіндіріп, кейбір сот терминдерінің мәнін аңғартуға тырысуы да саладағы оң әрекеттердің бірі болып отыр.

Бұрын сот шешіміне, кейбір сот терминдеріне түсінбегендіктен халық арасында қайта арызданушылар көп болса, қазір оның да едәуір азайғанын статистика байқатып отыр.

Демек соттардың белсенділігі саланы дамытып, халықтың да көңілінен шығып отыр. 

Берік Сатбаев 

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы                    

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Evheio 2 июня 2022 10:02

    buy prednisolone 10mg sale - <a href="https://predsolone.store/">order prednisolone 10mg without prescription</a> generic sildenafil 150mg

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив