Соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының  қорғалуының кепілі.

Соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуының кепілі.

 

Қазақ ұлтының «Дала Заңы» ғасырлар бойы дамып, күнделікті отбасындағы жөн-жоралғылардан бастау алған. Қазақ ұлты ақ пен қараны ежелден ажырата білген, еркіндік, әділеттік, адамгершілік қағидаларын демократиялық сипаттарға толы қағида ережелерді ұстанған.

Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап әдет-ғұрып құқығының нормалары жүйелі жетілдіріліп, қоғам талаптарына сай өзгерістер енгізіліп дамып отырған. Солардың ішіндегі Қасым ханның қасқа жолындағы бес бөлімнен тұратын заңдар жинағы. Бұл заңдар жинағы Есім ханның тұсында қайта жүйеленіп, Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді негізге алып, ескі жолды жалғастырушы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталды. Әз Тәукенің тұсындағы атақты «Жеті жарғы» әдеп заңы, айтулы билермен ақылдаса отырып жасаған көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, қарым-қатынастарына, моральдық ұстанымдарына негізделіп, елдің бүтіндігін, шаңырақтың беріктігін сақтау, адам өмірінің құндылығын арттыруға көзделген.

Би халық түсінігінде: сот, төреші; батагөй, шешен; бітістіруші, дипломат, елші ретінде ұғынылды. Би, «Жеті Жарғы» бойынша, өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп пен тыныштықтың бұзылмауының кепілі ретінде қарастырылды.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің мызғымастығының, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының, елдің тұтастығының, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму мен Қазақстандық патриотизмнің кепілі.

Конституцияның жетінші бөлімі сот және сот төрелігіне арналған. Сот билігі - бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып, қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі орны мен ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізгі міндеті болып табылады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты Жолдауының тұжырымдамасы елдің дамуына жаңа талаптарды қажет ететіндігін көрестіп берді. Себебі бұқара халық пен билік арасында алшақтық орын алып, халықтың билікке сенімі бәсеңсіген болатын.

Сонымен қатар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында да мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңінен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.

Мемлекеттік билікте отырған шенеуніктер алдына келген азаматтардың жолданымдарын тиісті түрде қарамай, ал орындалған кезде жартылай орындап, адамдардың талаптарын толық қанағаттандырмай қоятын жайттар жиі кездесіп отыратыны жасырын емес. Конституциямызда мемлекеттің бастауы халық. Сондықтан мемлекеттің ең басты мақсаты сол халықтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін және әлеуметтік өзге де түйткілді мәселелерін шешіп беруі тиіс.

Осыған орай, 2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Аталған кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіліп, барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда жаңадан әкімшілік соттар құрылып, өз жұмыстарын бастады. Бұл соттардың негізгі мақсаты бұқара халық пен биліктің арасында тепе теңдікті қалыптастыру, азаматтардың қордаланған мәселесін тез арада жедел шешіп, билік пен бұқара халықтың арасында сенімді диалог орнату. Бұл жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу. Осы жерде жария-құқықтық қатынастарға қысқаша түсінік беріп кетер болсақ, ол бір жағынан азамат немесе ұйым және екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік және құқықтық дауларды шешуді білдіреді. Яғни азаматтарымыздың мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі лауазымды адамдардың қабылдаған шешімдеріне, қаулыларына, нұсқамаларына немесе әрекеттерімен әрекетсіздіктеріне әкімшілік сот арқылы дау айту.

Осы жаңадан қабылданып, қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі мақсаттары ол жария-құқықтық қатынаста заңдылықты нығайту. Осы мақсатта жаңадан құрылған әкімшілік соттарда жеке және заңды тұлғалардың көптеген әкімшілік актілерге дау айту туралы талап қою арыздары қаралуда.

Мәселен Нұр-Сұлтан қаласының мамандырыған ауданаралық әкімшілік сотына 2021 жылдың 2 жартыжылдығындағы статистикалық есепке қарағанда 2343 талап қою арыздары түскен. Осы түскен талап қоюлардың ішінде: дау айту туралы талап қою туралы – 567; мәжбүрлеу туралы талап қоюлар – 567; әрекет жасау туралы талап қоюлар – 567; тану туралы талап қоюлар – 567 талап арыздар түскен. Енді осы түскен талап қою арыздарының соттағы нәтижесіне көніл аударатын болсақ. Жоғарыда аталған 2343 талап қою арыздарының ішіне қайтарылғаны -434; яғни бұлар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамағаны, арызға оған өкілеттегі  жоқ адам қойғаны, сотқа талап арыз берер алдын баж салғын төлемендігі талаптардың медияция тәртібі арқылы татуласқаны т.б. себептерге байланысты орын алған. Ал шешім шығарылғаны – 434, оның ішінде арызды қанағаттандыру туралы -234, қанаттандырудан бас тарту туралы -200, сотпен медияциялық тәртіпте қаралғаны – 43, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан заң бұзушылықтарға жол бергені үшін сотпен – 34 жеке ұйғарым шығарылған.

Енді осы сотпен жеке және заңды тұлғалардың талап қоюымен қаралған бір-екі әкімшілік іске қысқаша тоқталып өтер болсақ. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жауапкер ретінде ЖШС-не және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін беру туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің қаулысының күшін жою туралы талап қою арызымен мамандандырылған әкімшілік сотқа жүгінген. Ол өз арызында Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында, яғни қаланың нақ ортасында көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ЖШС-не жер телімін беру туралы қаулысын заңсыз деп тануды сұраған. Өйткені ЖШС-мен жүргізілейін деп жатқан жер телімі өрт қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін, құрылыс жұмыстарын бастау алдында санитарлық-эпидемиологиялық стандарт талаптарын сақтамағанын оның ішінде құрылыс төлқұжаты бар белгі қойылмағанын, жол қозғалыс тәртібі ескерілмегенін, мектептер мен мектепке дейінгі білім беру нысандары ескерілмегенін, қала халқының пікірі мен жүктемесін назарға алмай, қала әкімдігі ЖШС-не көпқабатты тұрғын үй құрылысын салуға негізсіз рұқсат бергенін алға тартқан.

Сонымен қатар талап қоюшы өзінің арызында Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында орналасқан мектептер мен мектепке дейінгі бала-бақшаларда балалардың жүктемесі шамадан тыс артып кеткенін. Соның ішінде №84 орта мектебі 1400 балаларға арналса, қазіргі кезде ол жерде 3000-ға жуық балалар білім алып жатқанын, №15 балабақшасында осы секілді жүктеме болғандықтан, мекеме балаларды қабылдаудан бас тартып жатқанын мәлімдеген.

Істі қарау барысында сотпен жинақталған дәлелдемелерді саралау барысында, шын мәнінде жауапкер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖШС-не көпқабатты тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін негізсіз берілгені анықталып, сотпен қала тұрғынының әкімшілік талап қою арызы қанағаттандырылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін беру туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысының күші жойылды.

Әрине бұл жерде қала тұрғынының сотқа шағымдануы негізсіз деп ойлайтын шығарсыз, өйткені қала ішіндегі құрылыс жұмыстары оның ешқандай құқықтары мен заңды мүдделерін қозғап тұрған жоқ деп. Алайда азаматтардың да сол қаланың тұрғыны ретінде, заңсыз, қолайсыз жүргізіліп жатқан құрылысты тоқтату үшін елдің мүддесі мен қаланың келешегіне бей- жай қарамай, белсенділік танытуы құптарлық шаруа. Егер ол жерге тұрғын үйлер тұрғызылған жағдайда, сол маңайда тұратын адамдардың жүріп тұру қозғалыстарына қиындықтар туындап, бірқатар проблемалық мәселелер (мектеп, бала-бақша, балалар алаңы, адамдардың серуендеу алаңы мен олардың жүктемесі) алдына шыға келеді. Сондықтан қала тұрғынының аталған талаппен сотқа жүгінуі атқарушы биліктің келеңсіз, заңсыз әрекеттерін әкімшілік сот арқылы тойтарыс беріп отыруына мүмкіндік туғызды.

Қорыта айтар болсақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі азаматтарымыздың қоғамдық белсенділігін, тек өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғап ғана қоймай, жариялы-құқықтық қатынастарда қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысу арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Берік Сәтбаев

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив