Ашықтық жемқорлықтың жолын бөгейді

Ашықтық жемқорлықтың жолын бөгейді

Бүгінде сыбайластыққа жол ашып, пара беріп, ортада делдал болғандар туралы БАҚ құралдарын жиі естиміз. Еліміздің мемлекеттік саясатындағы басымдылықтардың бірі де осы жемқорлық атаулымен тоқтаусыз күрес жүргізуге бағытталған. Мемлекет басшысы да халыққа арнаған ір жолдауында сыбайлас жемқорлықты түбірімен жою мәселесін бір сіт назардан тыс қалдырған емес.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Бүгінгі таңда агенттіктің басты басымдылықтары парасаттылық, әріптестік және кеселдің алдын алу  ұғымымен ұштасқан. Мұндай өзгерістер, біріншіден, мемлекет пен қоғамды сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық аспектісінен артылуға, екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтарды елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңінен тартуға ықпал етуі тиіс. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Саналы ұрпақ», «адал ұрпақ» деген клубтар құрылды.  Жобалардың басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру.

Қазіргі таңда ғаламтордық дамыған қарқынында бұқаралық ақпарат құралдарда дамыл жоқ. Сот жүйесінде қандай жаңалықтар, өзге де жаңғырулар, сот процестерінің шешімдері мен үкімдеріне дейін жарыса талқылап жатады. Ғаламторда көптеген арыз-шағым үлгілері, кез келген мекемеге хат-хабар жөнелту онлай нұсқада қол жетімді. Немесе, сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болға жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брыңғай Call-орталығына тегін хабарласа алады. Бұл дегеніміз барлық мекемелердің ашықтыққа қол жеткізуі. Ал мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ өзге де қызмет орындары осындай ашықтыққы қол жеткізуі - сыбайлас жемқорлықтың жолын едәуір бөгейді.

Қорыта айтқанда, адал, жемқорлықсыз қоғамды құру осындай шағын игілікті істерден бастау алса керек. Сондықтан, әрбіріміз елеміздің жарқын болашағы үшін айналамызда болып жатқан бармақ басты, көз қысты қандайда бір әрекеттерге көз жұмып қарамауға тиіспіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторлардың бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, жасалған жұмыс аз емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында "Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе", - деп, атап өтті. Яғни бұл мәселе тек біздің мемлекете ғана емес, ол барлық әлемді қамтыған дерт болып табылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу өте маңызды және мемлекеттің нарықтық экономикасына, әлеуетіне тидіретін зиянды алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар болып табылады. Нәтижесінде онымен күресте алатын орны зор. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді.

Аталған шараларды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын атап өту қажет, яғни заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырмай, біз бұл дертпен күресу шараларымыз негізсіз болып табылады. Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет болмаған жағдайда, бұл бұзушылықтар әрі қарай жалғаса бермек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Елбасымыз да атап айтқандай қазіргі таңда, ең алдымен, құқық бұзушылықты болдырмаудың, оның алдын алудың маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстың аса анық үйлестірілген жүйесін құру қажеттілігін ескертіп, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, жүйелік мониторингті жүзеге асырып, осы бағыттағы жұмыстарды талдаумен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзектілігі оның жан-жақты болуына байланысты. Шоғырландырылған күш-жігер мемлекетке ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамға қажет.

Заңға сәйкес жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді; бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының торағасы

Кеменгер Имашев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Latia 26 августа 2023 12:50

    Link exchange is nothing else however it is only placing the other person's website link on your page at appropriate place and other person will also do
    similar in favor of you.

    Here is my web-site: Hugo

  2. аватар
    Steve 31 августа 2023 15:44

    Do you have a spam problem on this blog; I also am a blogger, and I was wanting to know your situation; we have created some nice methods
    and we are looking to trade strategies with other folks, please
    shoot me an email if interested.

    Feel free to visit my web page; Joel

  3. аватар
    Johnnie 17 октября 2023 18:12

    Hey! Do you know if they make any plugins to safeguard against hackers?
    I'm kinda paranoid about losing everything I've
    worked hard on. Any recommendations?

    My blog; Denis

  4. аватар
    Robby 5 февраля 2024 01:46

    When I initially commented I clicked the "Notify me when new comments are added" checkbox and now each
    time a comment is added I get four emails with the same comment.
    Is there any way you can remove me from that service?
    Appreciate it!

    my webpage :: Tia

  5. аватар
    Bailey 8 апреля 2024 23:00

    Do you mind if I quote a few of your articles as long as
    I provide credit and sources back to your site?
    My blog site is in the very same area of interest as yours and
    my users would genuinely benefit from some of the information you present here.
    Please let me know if this okay with you. Thanks a lot!

    My site :: Rosalyn

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив