Татулықта табыс мол

Татулықта табыс мол

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар»

Қоғамда әділдік сұрап, дауласып жатқан адам көп. Тұрмыстық, отбасылық немесе еңбек даулары бойынша көптеген адамдар сотқа жүгінеді. Бұны азайтудың бірден бір жолы – медиация институттарын дамыту.

Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. Оған себеп – медиация бітімгершілік пен ымыраластылыққа бағытталған. Медиацияны қолдану даулардың тез әрі тиімді оңтайлы шешілуін, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральдық түрде шаршамауына, тараптардың бір-бірінен кешірім жасауына, адамның адамгершілік қасиетін арттыруға зор ықпалын тигізеді.

Бұл тәсіл сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни тараптарды қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың-медиатордың қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы әрекеттерінің бірі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, бейтараптылық, процедураға араласуға жол бермеу принциптерімен негізделеді.

Әрине, істердің соттың құзырына жетпей, медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді екені рас. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың уақытын үнемдеп, назарын неғұрлым күрделі істерге аударуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүктеменің төмендеуі қазылардың ізденуіне, жаңа заңдармен танысуына, қоғамдық мәселелерге үн қосуына жағдай туғызады.

Өркениетті елде заманның алға басуына байланысты халықтың мүддесі үшін қабылданған заңдардың маңыздылығы өте зор.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен енгізіліп, мемлекет Президентімен қолдау тапқан, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №84-VII Заңымен татуласу рәсімдеріне қатысты енгізілген жаңа нормалар сот ісін жүргізу барысында таптырмас тетіктерге айналары сөзсіз.

Атап айтсақ, Азаматтық процестік кодекске егізілген өзгеріске сәйкес, судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді. Ал, татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды.

         Шақыруда тараптар татуласу рәсімі (бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім) шеңберінде дауды (жанжалды) шешу құқығын түсіндіре отырып, сотқа талап қоюдың келіп түскені, татуласудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етіледі.

Бұл жерде, процессуалдық заңнамаға «сотқа дейінгі хаттама» түсінігі енгізілгенін атап өткен жөн.

Қысқа тоқталып өтетін болсақ, судья дауды бітімгершілікпен аяқтау мақсатында тараптарды шақырып, оларға сотқа дейінгі хаттаманы толтыруды ұсынады. Бұл хаттамада екі тарап өздерінің сотқа ұсынатын дәлеледемелерін көрсете отырып, дауды қандай шарттарда бітімгершілікпен аяқтауға болатынын ұсынады. Соңынан екі тарап осы хаттамаға қол қояды, онда көрсетілген шарттармен келісетін болса іс бітімгершілікпен аяқталады.

Тараптар сотқа дейінгі хаттамамен танысу үстінде екінші тараптың дәлелдемелерін зерделеп, оларды өзінде бар дәлелдемелермен салыстыра отырып, баға беріп, іс сотта қаралған жағдайда даудың кімнің пайдасына шешілуі мүмкін екенін болжай алады.

 Сондықтан, әр тарап өз мүмкіндіктерін болжай отырып, дауды бітімгершілікпен аяқтаудың тиімділігін түсінетін болады.

Осы әрекеттерді жүргізу арқылы дау сот өндірісіне қабылданға дейін судья татуластыру рәсімдерін жүргізетін болады.

Осы әдістердің өмірге дендеп енуіне соттар жұмысының белсенделігі аса қажет екені белгілі.

Қазіргі таңды тараптар медиация заңын сотта біліп, дауға осы заң шеңберінде нүкте қойылуына ыңғай танытуда.

Медиация туралы заң өзінің өміршеңдігімен тиімділігін уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Оған соңғы уақытта медиаторға жүгінушілердің  артқанынан байқауға болады.

Бұл билердің «Дау мұраты – бітім» ұстанымын бүгінгінің соттары жоғары деңгейде жалғастыруының жарқын көрінісі.

Жаңа заманда жүзеге асып жатқан медиация заңы біздің болмысымызға сәйкестендіріліп, азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеге жеткізді.

Еліміздің Жоғарғы Соты бабалардың осындай бай мұрасын заманға сай жаңғыртуда өлшеусіз еңбек етуде.

Оған мысал, жоғарыда аталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген толықтырулармен «Медиация туралы» заңының қолданылу аясы кеңіді.

Егер бұрын, медиация заңы тек, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын қатынастарда қолданылса, жаңа норма арқылы медиация енді әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын дауларда да қолданылатын болады.

Сондай-ақ, медиация азаматтық, еңбек, отбасылық даулардан, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардан бөлек, алдағы уақытта әкімшілік құқықтық қатынастардан, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, және де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарда да қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарда қаралатын істер санаты ол отбасы-тұрмыстық қарым қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар. Олардың орасан зор үлесі құқық бұзушы мен жәбірленушінің татуласуы арқылы бітімгершілікпен аяқталып жатырғаны белгілі. Сондықтан, бұл санаттағы істерге де медиация заңының қолданылуын егізу заңдылық.

Медиатор – заң талаптарына сәйкес кәсіби немесе кәсіби емес болып табылатын. Енгізілген жаңашылдық бойынша, медиатор кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға ретінде көзделген.

Кәсіпқой медиаторлардың медиацияны жүзеге асыру рәсімдері белгілі болса, қоғамдық медиаторлар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын тәртіпке сәйкес өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар тұрғындар арасынан жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) арқылы сайланады.

Ауылдық жерлерде медиацияны көбіне кәсіпқой емес медиаторлар жүзеге асыратыны, олардың жергілікті атқарушы органдар айқындайтын реестрлерге енгізілу тәртібінің мінсіз еместігі бұрыннан айтылып жүргенді.

Ендігі жерде кәсіби емес медиаторлар түсінігі жойылып, оның орнына жергілікті қоғамдастықтың жиналысында сайланатын қоғамдық медиатор түсінігі енгізілді.

Мұның барлығы қоғамдағы қарым-қатынастарда медиация заңын кеңінен қолдануға, медиаторлардың жұмысын жандандыруға, жүйелендіруге бағытталған  үлкен жұмыстардың нәтижесі.

Ықылым заманнан қара қылды қақ жарған қазақтың ақсақалдары, ауыл-аймақтың жер, жесір, қарымта секілді даулары мен өзара тартыстарын айқай-шусыз реттеп отырған азаматтар болса, бүгінгі заманда екі жақтың ісін насырға шаптырмай шешетін бітімгерлеріміз – медиаторлар.

Түрмесі болмаған іргесі биік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан белгілі.

Сот жүйесінде де бітімгершілік тәсілін дамыту қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік дауларды шешудегі жасалған игі қадамы болып табылады. 

С.Есжанов

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала аудандық сотының төрағасы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Audry 12 апреля 2024 10:08

    I think the admin of this web page is actually working hard in favor of his web page, since here every data is quality based stuff.


    Stop by my homepage :: Ricardo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив