Сот залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырды

Сот залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырды

 

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты азаматша Н.-ның қайтарылған тауарлардың сомасын және моральдық зиянды жауапкер Ж.-дан өндіру туралы талап қою арызын қарады.

Сот отырысы барысында талапкер Н. бірнеше тауар түріне жауапкер Ж.-ға тапсырыс беріп, кейін тауарлардың сапасы нашар болуына байланысты, ақшаны кері қайтаруын талап еткендігі анықталды.

Алайда жауапкердің, ақшаның орнына тапсырыс берілген тауарларды салып жібергендігі анықталды, кейіннен талапкер тауарды сатып бермек болғанын, бірақ оның өтпегенін баяндады. Сонымен қатар, тауарларға сертификаттың жоқтығын көрсеткен.

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сай, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, жауапкер Ж.-дан талап қоюшының пайдасына берешек сомасы 142500 теңге, моральды шығын 14200 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив