Мемлекеттік тілдің мерейі асқан күн

Мемлекеттік тілдің мерейі асқан күн

 

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бет-бейнесі. Туы Елтаңбасы, Әнұраны қатарлы қасиетті рәмізі болып табылады. Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел азаматтарын біріктіретін негізгі күш болуымен де бағалы. Тіл мен тәуелсіздік қашанда егіз ұғым. Сондықтан да «сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп даналар бекер айтпаған.

Жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаевтың бастамасымен «Мен қазақпын» атты қалалық шығармашылық байқау болып өтті. Байқауға қалаға қарасты 103 судья мен 86 сот мамандары тегіс жұмылдырылды. Іс-шараны мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының соты және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Судьялар одағының филиалы ұйымдастырды.

Байқауға қатысушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұылының өлеңдері мен қара сөздерін тілге тиек етіп, жас ұрпақ бойына адамгершілік құндылықтарды дарытатын классик жазушы Мұхтар Әуезовтың шығармалары жайлы кеңінен ой толғады. Бұл іс-шара сот қызметкерлер арасында қазақ тілінің деңгейін көтеріп, жазушы М. Әуезовтың «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деген аталы сөзін ел санасында да қайта жаңғыртқандай болды.

Қалалық соттың беделді судьяларынан құрылған комиссия бірнеше күн бойы өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Комиссия төрағасы А.Сламбекова бастаған О.Тұрсынов, С.Қаракүзиева, А.Көшербаева және Г.Тлеукенова қатарлы қазылар қара қылды қақ жарғандай байқаудың әділ төрелігін шығарды.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, менде бірге өшемін –

деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай, бұл күн шын мәнінде мемлекеттік тілдің мерейі асқан, мәртебесі тасқан  күн болды.

Қалалық соттың төрағасы Т.Е.Бәрпібаевтың қолдауымен комиссия өткізген  «Мен қазақпын» байқауы қазақ тілінің өте бай тіл екендігіне тағы бір көз жеткізіп, кеудеде туған тілге деген мақтаныш сезімі кернегендей сот қызметкерлеріне ерекше бір толқыныс әсер берді. Келешекте осындай бастамалар сот қауымында көп болар деп үміттенеміз.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ұлдана Сүлейменова

 

 

        

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив