БЕДЕЛ– КАДР  БІЛІКТІЛІГІНДЕ

БЕДЕЛ– КАДР БІЛІКТІЛІГІНДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында: қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң мұқтажына жедел көңіл аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады деп түйіндейді.

     Олай болса әрбір мемлекеттік қызметші үшін беделдің функционалдық және мәртебелік маңызы барлығы үнемі назарда болуы тиіс. Яғни, мемлекеттік қызмет – халықтың және мемлекет жүргізетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіші болып қала бермек.

     Сол себепті қазіргі таңда мемлекеттік мекемелердегі қызметтің кәсібилігін арттырудың қажеттілігіне қатысты мәселелерге ерекше көңіл аударылып отыр. Осы ретте Қазақстан Республикасының сот органдары да мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекет жүргізіп отырған саясаттың дұрыстығына деген қарапайым жұрттың сенімін қалыптастыра білуді басты мақсат етіп ұстанып отыр.

    Жоғарғы Сотпен ұсынылған «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының нәтижелі жүзеге асуы осының айқын көрінісі. Ал, кәсібилік дегенді – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны практикада қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция деп түсіну абзал. Бұл бүгінгідей бүкіл әлемді шарпыған (COVID-19 пандемиясына) індетке қарсы тұру және экономикалық дағдарысқа төтеп беру жолында ауадай қажет. Осы ретте мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы барша жұрттың назарын аударып отырғаны анық.

    Олай болса сіздің беделіңіз – мемлекет беделінің бір бөлігі екендігін ұмытпаған жөн деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметкерлердің және мемлекеттік органдардың жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым жұртшылыққа деген көзқарасына баға береді. Бұл – мемлекеттік қызметкердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілік. Яғни, мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдайда болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі көзделген. Ақжайық аудандық соты кеңсесінің мамандары да осы жоғарыдағы аталған қағидаттарды басшылыққа ала отырып, елімізде жарияланған «Төтенше жағдай» және карантиндік шектеулер кезіндегі жоғары тұрған сот органдарымен белгіленген талаптарды орындап отыр. Қазіргі таңда сот отырыстары онлайн режімде қашықтықтан өткізілуде.

       Сондай-ақ, азаматтардың сотқа жүгінулері кезінде оларды мүмкіндігінше сот билігінің қолжетімділігіне сендіру басты назарға алынды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі  Ақмарал  Нұрым.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив