Тәуелсіздіктің30жылдығы

Тәуелсіздіктің30жылдығы

Қазақстан Республикасы егемен ел болған күннен бастап жаңа қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәртебесіне толық жауап беретін құқықтық реформаны жүзеге асыру, сонымен қатар жеке сот билігін қалыптастыру қолға алынды. Осы мақсатта мемлекеттік құқықтық саясат тұжырымдамасында халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа кеңірек қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру қажеттілігі атап өтілген.

Бүгінгі күні сот - құқықтық реформаның маңызды нәтижесі мамандандырылған соттардың құрылуы болды. Мәселен, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде ауданаралық мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттар құрылды; қазылар алқасы институты енгізілді; бірқатар тергеу әрекеттерін санкциялауды тек соттар жүзеге асырады. 

Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне заманауи ақпараттық технологияларды толық көлемде енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Төрелік ақпараттық жүйесі, сот кабинеті қызмет көрсету аймағы,сот жүйесінің интернет-ресурсы іске қосылды.

Судьяларды іріктеу және мансаптық жоғарылату жүйесі түбегейлі қайта қаралды.Судьялардың жаңа буынын Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы дайындап жатыр. Судьяларды іріктеумен енді тәуелсіз орган – Жоғарғы Сот Кеңесі айналысады.

«Электрондық сот төрелігі» қазірдің өзінде отандық сот жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды. Бүгінгі күні барлық сот отырысы залдары аудио-бейне жазба жүйесімен (AVF) жабдықталған. Бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан сот төрелігін жүзеге асыру сәтті қолданылуда.

Қазақстан Республикасында 9 көрсеткіш бойынша жергілікті соттардың рейтингтік жүйесі енгізілген. Атап айтқанда, бұл аяқталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің саны, аудандық және оған теңестірілген соттардың, облыстық және оған теңестірілген соттар алқасының сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, соттардың татуластыру рәсімдерін қолдануы және т.б.

«Бизнесті жүргізу жеңілдігі» ДБ рейтингінде Қазақстан 190 елден келген сот процестерінің сапасы бойынша сенсациялық түрде 4-ші орынға ие болды. ВЭФ ГИК-тегі «Соттардың тәуелсіздігі» критерийі бойынша Қазақстан 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 20 позицияға (86-дан 68-ге) көтерілді.

Аталған жайт сот реформасының қарқынды жүзеге асырылып жатқандығының көрсеткіші болып табылады. Қазақстан соңғы 30 жылда сот жүйесін дамыту жолында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр. Сонымен қатар, алға қойып отырған мақсаттар да жетерлік, сол бағытта бүкіл сот саласының мамандары күнделікті еңбегімен өз үлестерін қосып отыр.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив