ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ БЕЛЕСІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ БЕЛЕСІ

Әділ сот – тәуелсіз елдің берік тірегі

Биыл еліміздің егемен мемлекет ретінде қалыптасып, тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өттік. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істеріміз де аз емес. Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде сақталып, мемлекет ретінде алты құрлыққа, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Мемлекетіміздің тұғыры нығайып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз артты. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде еліміздегі барлық сала заман талабына сай үздіксіз жаңғыртылды. Соның бірі – сот жүйесі дер едім. Сол уақыттан басталған сот саласындағы реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асып, заң-ережелер, бағдарламалар халықаралық тәжірибе мен сарапшылардың талқылауымен жетілдірілді.

Сот жүйесін­де Қылмыстық-про­цес­суалдық, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, Еңбек ко­де­ксі және басқа да қоғам­дық қатынастарды реттейтін заң актілері, кодекстер қабылданды. Сот саласындағы жетістіктердің бірі – цифрлық технология дер едім. Сот тәжірибесінде ең алдымен «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі енгізілгені есімізде. Кейіннен «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «СМС-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы секілді жаңа электрондық қосымшалар халық игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек, облыстағы барлық сот мәжіліс залдары толықтай дыбыс-бейне жазатын құрылғылармен қамтамасыз етіліп, сот отырыстары таспалануда. Бұл мүмкіндіктердің бәрі сот қызметін жаңа деңгейге шығарды. Бұрын  сот ғимаратына арнайы келіп, арыз-шағым жазатын азаматтар қазір  онлайн режімде электронды түрде жолдайды.   Әсіресе сотпен қоян-қолтық жұмыс істейтін адвокаттар қауымы «Сот кабинеті» сервисінің тиімді, пайдалы екенін айтуда. Жаңа ақпараттық технологияны енгізудің тағы бір тиімділігі - арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлерінің тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол берілмейді. Осылайша ел аумағында коронавирус секілді қауіпті індет тарап, эпидахуал өршіген кезде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда, індеттің таралуына жол бермеуде  заманауи сандық технологияның көмегі  зор болды.

Дау-жанжалды сотқа дейін жеткізбей шешу, дауласқан жандарды бітімгершілік жолмен ымыраға келтіру мақсатында «Медиация» институты құрылды. 

Сот жүйесін жа­ңа деңгейге көтеру жо­лындағы игі бастамалар Елбасының және Мемлекет басшысының саясатымен, қадағалауымен  жүзеге асуда. Сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялар съездерінде берген тапсырмалар, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламалары  рес­публикадағы сот жүйесін жаңа арнаға бұрды.   Осыдан үш жыл бұрын «Сот төрелігінің 7 түйіні» негізінде  «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» жобалары  жүзеге асқан еді. Соған орай судьялардың да мәртебесі жыл өткен сайын арта түсуде.

Егемендік алғаннан бері судьялардың сегіз съезі өтті. Бұл съездерде қоғам мен мемлекет үшін маңызды мәселелер талқыланды. Экономикалық, әкімшілік, әскери, кәмелеттік жасқа толмағандар, аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттардың, тергеу сотының және ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап ашылған мамандандырылған әкімшілік соттардың жұмысы жетілді.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 23 қазанда Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезіне бейнеконференция арқылы қатысқан болатын. Сол кезде  Мемлекет басшысы қоғамның сотқа деген сенімін нығайту, азаматтардың құқығын қорғау, білікті мамандарды жұмылдыру, соттың тәуелсіздігі, ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану, сот қызметін халыққа қолжетімді қылу, бюрократияны азайту жөніндегі тапсырмалар берді. Осындай шешімдердің барлығы азаматтардың тұрмысы мен қауіпсіздігі, адамның игілігіне жұмыс істеу керектігін нақты айтты. Бұл бағытта облысымызда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Иә, тәуелсіздікпен бірге дамыған тәуелсіз сот саласының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес. Бір мақала аясында сот саласындағы жетістіктердің барлығын тізіп айту да қиын. Ең бастысы, сот саласының қызметкерлері халықтың сотқа деген сенімін арттырып, заң шеңберінде әділ сот төрелігін жүзеге асыруда. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етті. Ал жоғарыда  айтылған жетістіктеріміз, сөз жоқ, тәуелсіздік деп аталатын асыл құндылығымыздың нәтижесі екені ақиқат. Әлем елдері алдында асқақ абырой мен биік беделге ие болған мемлекетіміздің әлі де атқарар жұмысы алда.

Еліміз бен қоғам тұрақтылығының кепілі – Тәуелсіздігіміздің мерейі үстем болсын!

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Б.Журабаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив