Тәуелсіз сот жүйесінің табысты жолы

Тәуелсіз сот жүйесінің табысты жолы

Тәуелсіздік жылдарында елімізде түбегейлі реформаланған саланың бірі – сот жүйесі. Осы 30 жыл ішінде сот билігі, сот жүйесі елеулі өзгеріске ұшырап, әр түрлі мамандандырылған соттар құрылды.

Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жылдам, қолжетімді бола түсті. Барлық дәржедегі соттардың мәжіліс залдары түгелдей аудио, бейнежазба құрылғыларымен жабдықталды. Технологияның дамуы тұрғындардың сотқа келуін міндеттемей, арыз-шағымын «Сот кабинеті» арқылы үйінен жолдауына жол ашты. Сонымен қатар судьяларға талап күшейтіліп, алқабилер құрылып, санкциялау шаралары прокуратура органдарының құзырынан алынып, сот жүйесінің ықпалына берілді.

Судьялар одағы судьялар қызметіне көмек беретін әдістемелік, зерттеу еңбектерін шығарып, жұмыста нұсқама ретінде қолданып келеміз. Жоғарғы сот судьялардың кәсіби біліктілігін шыңдауда да ерекше ұсыныстар ұсынылып, олардың тәжірибеде жүзеге асуына кепілдік болып, білікті судьялардың, ғалымдардың қатысуымен конференциялар, семинарларға жол ашты.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Әділдік тек соттарда салтанат құруы керек» деп текке айтқан жоқ. Қазақстанда өз алдына бөлек және тәуелсіз сот билігі тарихи тұрғыдан алғанда, өте қысқа мерзім ішінде қалыптасты және қоғамдағы әлеуметтік дауларды заң негізінде әділ шешуді қамтамасыз етудің, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепіліне айналды.

Қоғамымызда тұрақтылық, сенімділік, қауіпсіздік сезімдерін тудыратын заңдар жұмыс істейді, адам өз мүддесін қорғай алады. Бұл – мемлекетке, сот жүйесіне деген сенім, яғни отандық соттардың қабілеттілігі. Осындай жетістіктермен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін қарсы алмақпыз. Тәуелсіздігіміз мәңгілік тұғырынан таймай, сот жүйесінің жоспарлы жұмысы одан әрі дами берсін!

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив