Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске елеулі назар аудара отырып, өзін демократиялы , зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және оның жолын кесу Қазақстан Республикасының соттарындағы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді, оның тұрақтылығының негізіне нұқсан келтіреді, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.

Сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде жою біздің еліміздің дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік көзделген.

         Сот - мыңдаған адамдардың жанжалдары шешілетін аса маңызды мемлекеттік институт, сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және сот қателіктерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне, кәсібилікке және екіжүзділікке қарсы күрес арқылы, азаматтардың имиджіне нұқсан келтірмеу және жалпы сот жүйесіне деген сенімін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.

         Қазіргі уақытта барлық соттарда судьялар мен сот қызметкерлерінің сот процестеріне қатысушылармен процессуалдық емес байланыстарына жол бермеу мақсатында келушілердің сот ғимаратына келуі туралы ереже әзірленді және қолданысқа енгізілді.

         Сонымен қатар, бүгінгі таңда сот отырыстарының барлық залдары сот процестерін аудио -, бейнетіркеумен жабдықталған, оларға қатысушылар "Сот кабинеті" сервисі арқылы судьяның цифрлық қолтаңбасы бар электрондық түрде салғаннан кейін дереу сот актілерін ала алады. Осылайша, судья жұмысының ашықтығы мен айқындығы және сот шешімдерін алуда жеделділік қамтамасыз етіледі.

         Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде дербес құрылымдық бөлімше «Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі» құрылды. Осындай құрылымдық бөлімше әр облыс бойынша Соттар әкімшілігінде бар. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау аталмыш бөлімге жүктелді. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде азаматтарды қабылдау тұрақты түрде өткізеді.

         Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық фактілерінің алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны», «Call-центр» бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті әрекеттерді орындауға арналған. Судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша дерек көзі болып табылады.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейді. Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтық деңгейін бағалау кезіндегі нөлдік көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.

         Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни оның туындау жағдайлары мен себептеріне ықпал ету қажет.

         Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас шеп болуға, қоғамдық жобалардың жұмыс істеуіне жағдай жасауға, қабылданған шешімдер мен бюджет қаражатын жұмсаудың, азаматтардың өтініштерін тексеру мен қараудың барлық процестерін ашық етуге тиіс.

Судья специализированного межрайонного административного суда                 

Альбина Абилкаримова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив