Алкогольге әуестену – мақтаныш емес!

Алкогольге әуестену – мақтаныш емес!

Маскүнемдік – спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Бұл дерт мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелеп, отбасының, бала-шағасының берекесін кетіреді.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдардың кеселге шалдығуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін екендігін мамандар жарыса жазуда. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Мас адам ашушаң, кінәшіл, тым батыл келеді. Үнемі ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса да кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайтын дәрежеге де жетеді. Мұндай адамдар дөрекі, жанұя мүддесін ойламайды.

Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары, наркологиялық диспансерлер бар. Ауылдық жерде мескүнемдерді емдеу үшін орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинет ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.

Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.  Жыл басынан бері Жаңақала аудандық соты ӘҚБтК-тің 440-бабына (қоғамдық орында ішу) сай 28 іс қараса, бір адам мәжбүрлі емдеуге жолданған. Әкімшілік істердің басым көпшілігі әкімшілік қамаққа алумен аяқталған.

Өмір өлшемі – салауаттылық. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Олай болса, арақсыз, есірткісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі жеңе алу – үлкен парасаттылық.

Гүлдерайым Әбдіғалиқызы, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив