Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сот жүйесінің әділеттілікке бағытталып, сот істерін жүргізуді барынша ашық ету, соттардағы ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылған болатын.

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот - кез - келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес екені анық. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң қағидалар бар. Олар: сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру, ұялы телефонын өшіріп, күзет қызметкерлеріне тастауға, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер.

Сотқа келушілерге мемлекеттік мекемедегі бекітілген тәртіпті сақтау, яғни сот отырысы залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайтыны туралы ескертіледі.

Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпті жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігіне кіреді.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы. Қоғамымызға жабысқан бұл дертпен күресу негізінен жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы. Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Кейбір
мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндетті. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу - әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы.

ҚР Әскери сотының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің сот приставы Д.Шаукет

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив