Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе

Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе

Мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламаларына байланысты бүгінде сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы ұдайы назарда. Тіл саясаты тиісті бағамдар бойынша қадағаланып, табанды түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2009 жылғы     27 ақпандағы №36 өкіміне сәйкес, республика соттарындағы іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру барысы тиісті бағамдар бойынша қадағаланып отырып,  бүгінде қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да лайықты биігіне көтеріліп келеді. ҚР Жоғарғы Сотының талдауы көрсетіп отырғандай, республика соттарының жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының үлесі жоғары пайызға жетіп, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда едәуір артқан. Атап айтқанда, соттардағы кіріс-шығыс, ішкі және жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің, соттардағы қазақ тілінде қаралып жатқан істердің үлес салмағы, судьялардың және сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері арнайы қолға алынып келеді.

Мемлекет бағдарламасының басты стартегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың  маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызметпен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттіліктеріне айналдыру.

Мемлекеттік тілді дамыту жөнінде көптеген бағдарламалар қабылдануда, қазіргі таңда жүйелі  түрде жүзеге асырылып, мемлекеттік тілдің сапасын көтеру, қолдану аясын кеңейту, сот мамандары арасында мемлекеттік тілді қолдануды дамыту, насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

       Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерген мамандар барлық салада толық қамтамасыз етіліп келеді.Мемлекеттік тілді білуі және іс қағаздарымен жұмыс жасай алуы туралы мәселелер ескерілер болса, біршама атқарылар шаралар өзінің оң шешімін табатыны сөзсіз.

       Облысымызда бүгінгі күні талапқа сәйкес барлық мемлекеттік органдар аппараттары мен құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын мамандар алынып, мемлекеттік қызметшілер аз көлемді құжат, азаматтардан келген өтініштерге жауап, өндірістік бұйрық, актілер, хаттамалар сияқты шағын мәтіндерді мемлекеттік тілде дайындауда. Көптеген құжаттар мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізілуде.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Гульмира Темиргалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив