Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (әрекетсіздігі). Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе білім деңгейінің және әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмен болуы себепті туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы ресми берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да тукындауы мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық біз ойлағаннан гөрі жиі кездеседі, бұған зардап шеккен адамдардың көпшілігі өз құқықтары туралы білмегендіктен бе, әлде өздеріне лайықпын деп есептеуге батылы бармайтындығынан. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандарды есеп беруге шақыратындай етіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және оның салдарына қатысты тұрғындар арасында алдын-алу және хабардарлықты арттыратын ақпараттық компанияларды құру өте маңызды. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың осы түрін жасағандарға арналған заңдық санкциялар жиынтығы бар.

Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді. 

Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті. 

        Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздеріне тиесілі құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады. 

Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен міндеттердің орындалуы отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоныр ауданының №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Сабина Бердыгожинова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Velva 27 декабря 2023 16:48

    Hey! I know this is kinda off topic however , I'd
    figured I'd ask. Would you be interested in trading links or maybe guest authoring a
    blog post or vice-versa? My site covers a lot of the same subjects as yours and I believe we could greatly benefit from each other.

    If you're interested feel free to send me an email. I look forward to hearing from you!

    Superb blog by the way!

    Also visit my blog ... btc ikramiye oyunu kyc yok ohne einzahlung

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив